• Главная
  • Облыстың орталық көшелеріне сәулеттік дизайн-код әзірлеу жоспарлануда
14:00, 4 февраля 2023 г.

Облыстың орталық көшелеріне сәулеттік дизайн-код әзірлеу жоспарлануда

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

 Бұл туралы Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Гүлбаршын Арыстанова баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл стандарт бос орындарға жаңа құрылыс салуды қалыптастыруға, бұрын соңды салынған құрылысты қайта өңдеуге және қала аумағын абаттандыру мәселелерін қамтиды. Облыстың орталық көшелеріне жасалатын сәулеттік дизайн-код қаланың халықаралық нормативке көшіп, қаланың келбетін қалыптастыруға, оның дамуына заманауи модельдерін қолданып, тұрғындардың жайлылығы үшін қоғамдық кеңістік құруға мүмкіндік бермек. Бұл өз кезегінде ғимараттардың біркелкі болуына негіз болмақ. 

-Осы жылы облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасы өңірдің бірқатар аудандары мен қаладағы құрылыс жобаларын әзірлеуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ осы жылы Индер ауданындағы Атырау-Орал автокөлік жолының 178-180 шақырым аралығындағы 150 гектар және Құлсары қаласының Болашақ-2 мөлтек ауданының 500 гектар аумағына егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының жұмыстары басталады. Қала құрылысы жобаларын әзірлеудегі негізгі мақсат – жобаланатын аумақта экологиялық қауіпсіздік критерийлеріне жауап беретін, өмір сүру үшін эстетикалық жағынан тартымды әрі жайлы заманауи композициялық-тартымды сәулетті қала құрылыс ортасын құру, - деді Г.Арыстанова.

Оның айтуы бойынша, аталған жобада жеке және көппәтерлі тұрғын үйлер, әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, қоғамдық мақсаттағы объектілерді орналастыру қарастырылған. Яғни, жобада халықты тұрғын үйлермен қамту; аумақты инженерлік инфрақұрылыммен қамту, абаттандыру, көгалдандыру мәселелерін шешумен қатар, әлеуметтік және коммерциялық мақсаттағы объектілер, демалыс аймақтарын салу ұсынылып отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #дизайн-код
Объявления
live comments feed...