• Главная
  • Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт ошақтарына аэровизуалды тексеру жүргізді
17:00, 1 февраля 2023 г.

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт ошақтарына аэровизуалды тексеру жүргізді

Pixabay сайтынан иллюстрациялық фотосурет

Pixabay сайтынан иллюстрациялық фотосурет

2023 жылғы 31 қаңтарда Атырау қаласында түтін иісінің анықталуына байланысты, өрт ошақтарын анықтау мақсатында әуеден барлау жүргізу үшін "Қазавиақұтқару"АҚ МИ-874 тікұшағы жұмылдырылды, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Атырау облысы ТЖД қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен құралған комиссия мүшелері (13 адам) Каспий теңізінің жағалауында 100 шақырым радиуста аэровизуалды тексеру жүргізді.

Жүргізілген әуеден барлау нәтижесінде, Атырау қаласынан 70 шақырым жерде Жылыой ауданы бағытында Каспий теңізінің жағалауында жану аумағы шамамен 9 га аумақты құрайтын 3 жану ошағы анықталды. Жану аумағы иесіз, Каспий теңізінің жағалауында орын алып жатыр. Түтін қалаға қарай бағытталғандықтан, қала аумағында жағымсыз иіс болған. Қазіргі уақытта желдің бағыты өзгерді.

Сондай-ақ, Исатай ауданы аумағында Каспий теңізінің маңында жалпы  аумағы шамамаен 250 га (оның ішінде өздігінен өшкені 200 га) болатын жекелеген жану ошағы анықталып отыр. 

Бұл жану ошағы Атырау қаласына және елді мекендерге қауіп төндірмейді, себебі түтін бағыты теңізге қарай бағытталған. 

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт ошақтарын жою мәселелерін қарастыруда. 

Айта кету керек, айналасы батпақты жер болғандықтан, өрт сөндіру автотехникасының жану ошақтарына баруына жол жоқ. Сондықтан, қазіргі уақытта қозғалыс маршруты анықталуда. 

Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдары шұғыл түрде қамыстың жануын сөндіруге бағытталатын болады.

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #ТЖД
Объявления
live comments feed...