• Главная
  • Атыраулық оқушылар экожылыжай салады
10:00, 31 января 2023 г.

Атыраулық оқушылар экожылыжай салады

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Атыраулық оқушылар жылыжай салғалы жатыр. Мұндай ерекше мүмкіндікті оқушылар «Nxplorers: Жасыл ұрпақ бәйгесі 2.0» республикалық ғылыми жобалар конкурсында жеңіп алды. Бұл туралы Абай орталығы жанындағы JasSpace кеңістігінің коммуникация менеджері Баян Жанұзақова мәлім етті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Ауа сапасын жақсартуға арналған фиторемидианттық қасиеті бар өсімдіктерді өсіруге бағытталған жылыжай жобасы экологиялық ахуалды жақсартуға септігін тигізбек. Отыз тоғыз команданың ішінен оқ бойы озық шыққан атыраулық жоба авторларының бірі 9-сыныпта, енді бірі 11-сыныпта сыныпта оқитын Нұрдәулет Серікұлы мен  Рустам Жабагин. Олар мектеп жасында жүріп осындай ауқымды жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін иеленеміз деп ойламаса керек. Ғылыми жобаны зерттеу, дайындау кезеңі балалар үшін құнды тәжірибе болыпты.  

-Біздің жобамыз экологияны жақсартуға арналған. Экожылыжайда фиторемидианттық қасиеті бар өсімдіктер өсіреміз. Мұнда өсімдіктер тамшылатып әдісімен суарылады. Жылыжайда фитолампалар орнатылады. Сонымен бірге арудино арқылы жабдықталған құрылғы болады. Құрылғы жылыжайдағы ылғал мен ауа температурасын өлшеп тұрады. Жылыжайда шпинат, күнбағыс сынды өсімдік өсіруді жоспарлап отырмыз,- деді Н. Серікұлы. 

Жас ғалымдарға жетекшілік еткен микробиолог Жанар Нұртөлеудің айтуынша, конкурс шартына сәйкес жоба алты айда іске асырылуы тиіс. Жылыжайдағы өсімдіктер ауадан, топырақтан түрлі зиянды химиялық қосылыстарды бөліп алып, оны ыдыратады. Сондай-ақ ауа мен топырақтағы зиянды қосылыстарды пайдалы заттарға айналдырады. Соның нәтижесінде оттегі қоры молайып, ғимараттағы ауа сапасы жақсарады. 

Айта кетейік, аталған экожылыжай биыл ақпан айында Абай орталығы жанындағы JasSpace кеңістігі аумағында салынбақ.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #эко жылыжай
Объявления
live comments feed...