13:00, 17 января 2023 г.
Атырауда ерлі-зайыпты қолөнершілер халықтың сұранысын қамтамасыз етіп отыр
фото: Махамбет ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Махамбет ауылында ерлі-зайыпты қолөнершілер өз кәсіптерін ашып, халықтың сұранысын қамтамасыз етіп отыр. Олар аудандағы «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасының алғашқы жеңімпаздарының бірі, деп хабарлайды Махамбет аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.
фото: Махамбет ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Наурызбай Сапаров пен Ақнұр Тайырова 2019 жылы «Zhas Project» жастарды қолдау жобасына қатысып, 1 миллион теңге қайтарымсыз грант алады. Сол ақшаға жүн түтетін құрылғы, тігін машинасы мен мақта, мата алып кәсіптерін бастайды. Қолданбалы сәндік өнер мамандығы бар Ақнұр алғашында көрпе-көпшік тігіп, аз қамтылған отбасыларға таратады. Кейін қыз жасауына, сырға салу қобдишаларына тапсырыстар түсе бастайды.
- «Zhas Project» жобасы арқылы грант алғаннан кейін жолдасым көрпе тігумен, сәндік бұйымдар жасаумен айналысты. Жасаған бұйымдарын арнайы көрмеге апарып жүрдік. Өзге де жобаға қатысушылардың жасаған заттарының ішінен, лазер құралы арқылы ағаштан жасалатын бұйымдар менің қызығушылығымды оятты. 2020 жылы қолда бар ақшамды салып, лазер құрылғысын сатып алып, ғимарат жалдап, кәсібімді бастадым. Бұрын-соңды қолөнермен айналысып көрген емеспін. Жұмыстың дені құрылғы арқылы жасалады дегенмен, сұлбасын жасап, жобасын сызудың өзі көп күшті талап етеді екен. Компьютердің тілін жақсы білгендігімнен бе, ютубтан қарап барлығын тез меңгеріп кеттім. Жасаған заттарыма халық тарапынан сұраныс баршылық,- деді Н.Сапаров.
фото: Махамбет ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қолөнер шебері басында білезік, қорапша жасаудан бастағанын, қазір шежірелер, құран оқуға қоятын арнайы тұғырлар, мүсіндер, астабақ қоюға арналған түрлі қораптар жасаумен айналысатынын жеткізді. Ал материалға қажетті ағаштар мен бояуларды Ақтөбе, Шымкент қалаларынан алдырады екен.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
ТОП новости
Объявления
14:05, 4 ноября
53
14:05, 4 ноября
15:32, 8 ноября
live comments feed...