• Главная
  • Атырауда «Сахна саңлағы» атты іс-шара өтті
14:00, 5 января 2023 г.

Атырауда «Сахна саңлағы» атты іс-шара өтті

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биыл «Елінің Еңлік гүлі» атанған Қазақстанның халық әртісі Бикен Римованың туғанына 100 жыл. Осыған орай облыстық балалар кітапханасында өнер иесін еске алу кеші өтті. Іс-шарада кітапхана оқырмандары мен оқушыларға ұлы дарын иесінің көзі тірісінде жазып қалдырған қойылымдары таныстырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

- Бикен Римова киелі сахнада 80-ге жуық рөлді сомдап, қалың көрерменнің есінде М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегіндегі» Еңлік, «Қаракөзіндегі» Маржан, Ш.Айтматовтың «Ана – Жер-анасындағы» Жер-ана және «Ақ кемедегі» Кемпір, тағы басқа кейіпкерлер арқылы қалды. Бұдан бөлек, кино саласында 20-дан астам туындыға түсті. Бүгінгі іс-шарадағы мақсатымыз - сахна майталманының өнегелі өмірі мен өшпес өнерін өскелең ұрпаққа таныстыру, жастардың өнерге деген құштарлығын арттыру,- деді облыстық балалар кітапханасының бөлім меңгерушісі Светлана Салихова.  

Айта кетейік, Бикен Римова қазақ театры өнеріндегі ерен еңбегі үшін «Халық әртісі» атағын иеленген қазақ қызы. Ол «Құрмет белгісі» және «Парасат» орденінің иегері.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #халық әртісі
Объявления
live comments feed...