• Главная
  • Атыраулық палуан қазақ күресінен әлем чемпионы атанды
14:00, 17 декабря 2022 г.

Атыраулық палуан қазақ күресінен әлем чемпионы атанды

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Алғаш рет жасөспірімдер арасында атыраулық палуан Ақылбек Аманұлы қазақ күресінен әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Астана қаласында 12-14 желтоқсан  аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтті. Ересектер, жасөспірімдер, жастар болып үш топты қамтыған додаға 40-қа жуық мемлекеттің 350 палуаны қатысты. Жарыс бағдарламасына сәйкес жасөспірімдер мен жастар, әрқайсысы 5 салмақ дәрежесінде мықтыны анықтады. Ал ересектер 12 салмақ дәрежесінде белдесті. 

- Бұл жарысқа біз бір жыл уақыт аралығында дайындалдық. Алғашқыда Ақылбек Шымкент қаласында Қазақстан біріншілігі өтіп, 46 келі салмақта жеңіп әлем чемпионатына жолдама алған болатын. Ендігі кезекте осы үлкен жарысқа келіп жасөспірімдер арасында алғашқы рет әлем чемпионы атанып отыр. Шәкіртімнің жеткен жетістігі, еңбігімнің ақталғаны деп білемін, деді аға-жаттықтырушы Кенжебек Күзембаев. 

Жарыстың соңғы күні жасөспірімдер арасында сынға түскен спортшы Ақылбек Аманұлы іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, жартылай финалда грузин палуанын, ал ақтық сында үнді спортшысын ұтты.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #қазақ күресінен
Объявления
live comments feed...