• Главная
  • Қызылқоғаның дәрігерлік амбулаториялары медициналық автокөліктермен қамтамасыз етіледі
10:00, 17 декабря 2022 г.

Қызылқоғаның дәрігерлік амбулаториялары медициналық автокөліктермен қамтамасыз етіледі

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы аудан әкімі Қанат Әзмұханов «Қызылқоға ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы» туралы брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аудандағы ауылдық округтердегі дәрігерлік амбулаториялар келер жылы 7 санитарлық автокөлікпен және 3 медициналық автокөлікпен қамтамасыз етіледі. 

Ауданда 1 аурухана, 8 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт және 6 медициналық пункт жұмыс жасайды. Осы жылы ауданымыз 2 хирург, 2 жалпы тәжірибелік дәрігер және УЗИ дәрігерімен толықты. Аталған қызметке келген дәрігерлер тәжірибелі мамандар. Алайда әлі де болса денсаулық сақтау саласындағы негізгі проблемалық мәселе ол - кадр тапшылығы. Осы мәселені шешу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасына және өз оқуларын аяқтағалы тұрған жас мамандарға өз ұсынысымызды білдіріп, ауданымызға қызмет етуге шақырудамыз. Ауданға білікті, білімді мамандар ауадай қажет, - деді Қ. Әзмұханов.

Аудан әкімі медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мен халыққа уақытылы медициналық көмек көрсету мақсатында «Компьютерлік томография» жабдығымен қамтамасыз етуге сұраныс берілгенін жеткізді. Сондай-ақ аудан тұрғындарына қолайлы болу үшін тағы бір медициналық пункттің құрылысы басталғанын атап өтті. Айдын елді мекенінде басталған құрылыс жұмысы келер жылы аяқталып, тұрғындардың игіліне беріледі деп жоспарлануда.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #дәрігерлік амбулаториялар
Объявления
live comments feed...