
14:00, 16 декабря 2022 г.
Қызылқоға ауданының кейбір елді мекендеріне ауылішілік су құбыры жүргізіледі

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұханов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аудандағы су жүйесі тартылмаған 9 елді мекенді сумен жабдықтау үшін биыл жоба дайындалып, мердігер мекемені анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-Аталған жобаларды 2024 жылға дейін іске асыру жоспарлануда. Жұмыстар атқарылғаннан кейін аудан халқы 100% ауыз сумен қамтылатын болады. Тайсойған жер асты су қорынан Миялы ауылына дейін магистралды су құбырының құрылысына жоба дайындалып, мердігер анықталды. Құрылыс жұмыстары келер жылы басталады,- деді Қ.Әзмұханов.
Аудан әкімінің айтуынша, аталған жоба Миялы, Жангелдин, Жасқайрат ауылдарын үздіксіз ауыз сумен қамтуға мүмкіндік береді. Оған қоса Сағыз, Жамасор ауылдарының халқына ауыз су жеткізу сапасын жақсарту мақсатында «Кереген-Сағыз-Жамансор» топтық су құбырына қайта жаңғырту» жобасы дайындалған. Жобаның құны 956 млн 500 мың теңге.
Айта кетейік, аудан көлеміндегі 26 елді мекеннің 17-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған, бұл тұрғындардың 97,3 пайызын құрап отыр.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
10:24
23 сентября г.
13:13
22 сентября г.
12:39
22 сентября г.
12:27
21 сентября г.
18:35
18 сентября г.
Объявления
11:29, 18 сентября г.
53
09:50, 1 августа г.
11:29, 18 сентября г.
15
11:07, 14 сентября г.
12
11:32, 10 сентября г.