• Главная
  • Атырауда алғаш рет халықаралық «Batyr ball» ойыны өтті
16:00, 14 декабря 2022 г.

Атырауда алғаш рет халықаралық «Batyr ball» ойыны өтті

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Х.Досмұхамедов атындағы «Жайық» спорттық-мәдени кешенінде «Atyrau open fest» аясында Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған турнир өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Фестивальда қазақ спортының тарихында бұрын-соңды болмаған «Batyr Ball» ойыны өтті. Ереже бойынша спортшылар октагон ішінде күресіп жүріп, баскетбол ойнайды. Додада 8 команда бақ сынады. 

Атырауда алғаш рет халықаралық «Batyr ball» ойыны өтті, фото-1, фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Бұл жарысты ең алғаш Ақтөбе қаласында өткізіп, бүгін Атырауға келдік. Спортшыларды ынталандыру және спортқа тың серпін беру мақсатындағы «Batyr Ball"» ойыны регби ережесінде өтеді. Октагон ішінде үш спортшыдан құралған екі команда өзара күресіп, баскетбол сақинасына доп салу арқылы ұпай жинауы керек. Бұл шоу қазақ спортының тарихында ең алғаш рет өтіп отыр. Алдағы уақытта біз өз елімізде әртүрлі спорт түрін дамытып, барлық елді таңқалдырғымыз келеді. Бүгінде осы ойынның үзіндісі әлемдік сайттарға тарап, әлеуметтік желілерде 60 млннан астам көрермен жинады. Халықтың қызығушылығын оятты,- деді жоба президенті Нұрбек Қарабала. 

Тартысты ойынның бас жүлдесі - 1 млн теңгені Дағыстаннан келген «ШКОЛА ЕДИНОБОРСТВ АБДУЛМАНАПА НУРМАГОМЕДОВА» командасы қанжығасына байлады. ІІ орын астаналық «MOTIVATOR-TAKHTAY»  командасына бұйырды. Ал ІІІ орынға ақтөбелік команда «ERKIN KUSH» тұрақтады. 

Ойын соңында боксшы, олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, Ресей жекпе-жек спортшысы Хабиб Нурмагомедов және ҚР панкратион, грэпплинг және ММА федерациясының президенті Сағындық Мекеев командаларды құттықтап, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #«Batyr Ball»
Объявления
live comments feed...