• Главная
  • Биыл Жылыойда 62 095 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
18:00, 8 декабря 2022 г.

Биыл Жылыойда 62 095 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бұл туралы Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов «Жылыой ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы» туралы баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Осы жылдың 10 айында аудан бойынша негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 1 триллион 719 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі – 102,4% болды. 

Биыл Жылыойда 62 095 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, фото-1, фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

-Құрылыс жұмыстарының көлемі 677 миллиард теңгені құрап, былтыр осы кезеңмен салыстырғанда 27,6% артық орындалып отыр. Ауданда 62 095 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 58 792 шаршы метр болатын. Оның ішінде халық қаражаты есебінен салынған үй 57 838 мың шаршы метр болып отыр,- деді аудан әкімі.

Айта кетейік, Жылыой ауданының халық саны – 86 118 адам, ал Құлсары қаласында – 65 700 тұрғын бар.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #құрылыс
Объявления
live comments feed...