Аудан әкімі Исатайдағы құрылыс жұмыстары туралы айтты

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов «Исатай ауданының 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы міндеттері» туралы баспасөз брифингінде аудандағы құрылыс жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ауданда әр бағыттағы құрылыс жұмыстары тиісті деңгейде жүруде. Оның бірқатарына аудан әкімі тоқталып өтті.
-Биыл Жанбай ауылына жаңадан полиция бөлімшесінің құрылыс жұмыстары басталып, жүргізілуде. Ал Аққыстау ауылының Темір жол мөлтек ауданында 1971 жылы салынып, тозығы жеткен электр желісінің орнына жаңадан ток желісі мен аула ішілік жарық орнату жұмыстары аяқталып, іске қосылды,- деді П.Хасанов.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Оған қоса оның айтуынша, биыл басталған Тұщықұдық ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталу үстінде. Сонымен қатар, Аққыстау ауылынан көпнысаналы спорт алаңы, Х.Ерғалиев, Тұщықұдық ауылдарынан кіші аяқдоп пен балалар ойын алаңы пайдалануға берілді.