• Главная
  • Атырауда суық мезгілде ағаш көшеттерін отырғызу туралы түсініктеме
14:00, 5 декабря 2022 г.

Атырауда суық мезгілде ағаш көшеттерін отырғызу туралы түсініктеме

сайттан иллюстрациялық фотосурет pixabay.com

сайттан иллюстрациялық фотосурет pixabay.com

Әлеуметтік желіде автордың айтуынша  28 қараша күні нөлден төмен температурада Баймұханов көшесіне ағаш көшеттері отырғызылып жатқаны туралы бейнежазба тарады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникация қызметі.

Осыған орай, «Бақдәулет», «Аяулым» шаруа қожалықтары (ШҚ) 30 қараша күні Баймұханов және Махамбет көшелерінде күзгі абаттандыру (көшет отырғызу) жұмыстарын аяқтағанын қаперге беру керек.

Көшеттерді отырғызу «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) демеушілігі есебінен жасалды. Қараша айында Баймұханов және Махамбет көшелеріне бұрын төселген брусчатка, құрылыс құмы, қиыршық тас, бетон және асфальт қалдықтарын қазу жұмыстары жүргізілді. Одан кейін көгалдандырылған аумақтарға өсімдік топырағы әкелінді. Дайындалған 700  шұңқырға 700 түп жергілікті көшет отырғызылды. Мердігер компания атап өткендей, суаруға «Биомелиорант Антизор» және «Биомелиорант Салмақ» сұйық тыңайтқыштары, сондай-ақ құс саңғырығы қосылған органикалық тыңайтқыштар пайдаланылды.

Тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша 350 түп пирамидалық терек көшеті  мен 350 түп шаған отырғызылды. Қараша айында «Аяулым» шаруа қожалығының (Талқайраң ауылы) тәлімбағында көшеттерді алдын ала топырағымен бірге қазып алды. Айта кету керек, көктемде көшеттер көктеп шықпай қалса, мердігер компания өз қаражатына қайта отырғызады.

Бұл жағдайды қаланы абаттандыру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ететін мердігер компания да түсіндірді. «Аяулым» шаруа қожалығының (ШҚ) басшысы Назгүл Жұмекееваның айтуынша, Атырау қаласында нөлден төмен температурада (-10 дейін) жапырақты және қылқан жапырақты ағаштарды отырғызуға болады. Жиырма жылдық тәжірибесі бар маман көшеттерді қыс мезгіліне дейін отырғызудың ерекшелігін айтты, яғни көшеттер топырақпен болуы керек және отырғызғаннан кейін міндетті түрде суару қажет.

«Өсімдік тамыры бұдан өлмейді. Керісінше, күн жылынғанда сәуір-мамыр айларында барлық отырғызылған көшеттер жақсы бүр жарады. Қараша айында, күзгі көшет отырғызу кезінде барлық көшеттер тірі болды. Біздің шаруашылығымыздың орындаушы ретінде кепілдігі бар. Біз 2022 жылдың 28-29 қарашасында отырғызған осы 700 көшеттің аман қалуына толық жауаптымыз. Көшет өліп қалған жағдайда біздің шаруашылық өз қаражаты есебінен қайтадан егеді», - дейді «Аяулым» шаруа қожалығының басшысы Назгүл Жұмекеева.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #көшеттер
Объявления
live comments feed...