• Главная
  • Қызылқоға ауданы Тасқұдық ауылында электр желілері жаңартылды
18:00, 1 декабря 2022 г.

Қызылқоға ауданы Тасқұдық ауылында электр желілері жаңартылды

фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Мұқыр ауылдық округіне қарасты Тасқұдық елді мекенінің электр желілері 1970 жылдары орнатылған. Содан бері бағаналар, желілері жаңартылмауына байланысты ауа райының қолайсыз күндері жарық жиі өшетін. Осы мәселені шешу мақсатында аудандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі арқылы өткен жылы жасақталған жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, биыл облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары қараша айында аяқталды.

Қызылқоға ауданы Тасқұдық ауылында электр желілері жаңартылды, фото-1, фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

-Жаңартылған электр желілерінің ұзындығы 2280 метр. Жоба аясында Тасқұдық елді мекенінде 91 дана бетон бағана қондырылып, 1650 метр 0,4 кВ әуе желісі, 630 метр 0,22 кВ әуе желісі СИП кабелідер тартылып, барлық үйге жаңадан тоқ есептегіш құралы орнатылды. Аудан бойынша электр желілерін жаңарту бағытында жұмыстар жалғасын табатын болады, деді аудандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ерболат Иғали.  

Айта кетейік, аудан орталығы Миялыдан 185 шақырым қашықта орналасқан Тасқұдық елді мекенінде 35 үй, халық санымен алсақ 160-қа жуық тұрғын бар.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #электр желілері
Объявления
live comments feed...