• Главная
  • Құрманғазы ауданында мұнай өнімдерінің төгілуі туралы ақпарат тексерілуде
13:50, 25 ноября 2022 г.

Құрманғазы ауданында мұнай өнімдерінің төгілуі туралы ақпарат тексерілуде

фотосурет: Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

фотосурет: Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

24 қараша күні кешкісін Whatsapp мессенджері мен әлеуметтік желілер арқылы Құрманғазы ауданындағы Сүйіндік ауылдық округіне қарасты «Ыдырыс» қыстауының маңында мұнай өнімдеріне ұқсас төгілген сұйықтықтың бейнежазбасы тарай бастады. Аталған жерде «Смарт Ойл» ЖШС барлау-бұрғылау жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ақпаратты тексеру үшін Сүйіндік ауылдық округінің әкімі, учаскелік полиция инспекторы және бейнеролик таратқан жергілікті тұрғын көрсетілген жерге барды. Батырбек ауылынан 8-9 шақырым жерде («Смарт Ойл» ЖШС барлау-бұрғылау жұмысын жүргізеді) мұнай өніміне ұқсас, жалпы ауданы шамамен 50 шаршы метр болатын қара сұйықтықтың төгілген орны анықталды.

Бұл дерек бүгін таңертең, 25 қарашада аудандық полиция бөлімінде тіркелді, жедел-тергеу тобы оқиға орнына кетті. Барлық жағдайлар анықталғаннан кейін қосымша ақпарат беріледі.

«Смарт Ойл» ЖШС 2022 жылдың тамыз айынан бастап Сүйіндік ауылдық округіне (Құрманғазы аудан орталығынан 250 км) қарасты «Ыдырыс» қыстауына жақын маңда барлау-бұрғылау жұмыстарын жүргізіп келеді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #мұнай өнімдері
Объявления
live comments feed...