• Главная
  • Қазақстандықтарды көбіне қандай бағалы қағаздар қызықтырады
Новости компаний
09:59, 21 октября 2021 г.

Қазақстандықтарды көбіне қандай бағалы қағаздар қызықтырады

Новости компаний
Қазақстандықтарды көбіне қандай бағалы қағаздар қызықтырады, фото-1

«Фридом Финанс» аналитикалық және статистикалық деректерге сүйене отырып, өз клиенттерінің арасында 2021 жылғы өткен 9 ай ішіндегі инвестициялаудың анағұрлым танымал құралдарының рейтингісін шығарды.

Құралдар танымалдылығы жағынан (сауда-саттық көлемі бойынша) келесідей жайғасты:
1. Акциялар
2. ПИҚ-тар
3. Облигациялар
4. IPO

Акциялар
«Фридом Финанс» АҚ бөлшек клиенттерінің арасында анағұрлым үздік 5 танымал акцияға мыналар кірді:
1. Freedom Holding Corp. (FRHC) – 8 млрд теңге
2. «Кселл» АҚ (KCEL)– 4,1 млрд теңге
3. «Қазақстан халық жинақ банкі» АҚ (HSBK)– 3,6 млрд теңге
4. «ҚазТрансОйл» АҚ (KZTO) – 2,5 млрд теңге
5. KAZ Minerals PLC (GB_KZMZ) – 1,8 млрд теңге

Компания клиенттерінің арасында КASE-де аталған кезең ішіндегі сауда-саттықтың жиынтықты көлемі 30,4 млрд астам теңгені құрады. Нарықта барлығы (KASE) 187,5 млрд теңгеге акция саудаланды.

Ансар Абуев, «Фридом Финанс» АҚ аналитигі:«Кселл» АҚ-та ағымдағы жылы бірқатар маңызды корпоративтік оқиға болды. Қыркүйек айының соңында «Кселл» АҚ «Қазақтелекоммен»ашық сауда-саттықта оператор акцияларының 24% сатылымын жүргізуіне байланысты көлемі бойынша өз рекордын жаңарты, яғни клиенттердің аталған құралға қызығушылық танытпауы мүмкін емес.

Үздіктер арасында үшінші орынға «Қазақстан халық жинақ банкі» акциялары жайғасты. Ағымдағы жылы біз қағаздарды сатып алуға бірнеше рет ұсынымдар бергендік едік, оның үстіне, KASE-де қағаздар жыл басынан бері 52,5% өсті.

Ағымдағы жылы «ҚазТрансОйл» АҚ қағаздарына да ұсынымдар бердік. Қағаз өздігінен айтарлықтай танымал, ал дивидендтері жоғары болып саналады.

KAZMinerals акциялары бойынша сауда-саттық көлемінің үлкен болуы өткен делистигімен байланысты. Делистинг жүргізер алдында айтарлықтай көп адам акция сатты, ал делистингтің қалай жүргізілетіні жайында хабардар болғаннан кейін кері сатып ала бастады. Аталған компания қағаздарының белсенділігі осыған байланысты.

Freedom Global PLC бөлшек клиенттерінің арасында анағұрлым үздік 5 танымал акцияға мыналар кірді:
1. «Кселл» АҚ (KCEL) – 11,9 млн теңге
2. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (KZAP) – 11,1 млн теңге
3. «Газпром» ЖАҚ (RU_GAZP) – 9,5 млн теңге
4. «Сбербанк» ЖАҚ (RU_SBER) – 5,3 млн теңге
5. «Қазақстан халық жинақ банкі» АҚ (HSBK) – 4,4 млн теңге

Компания клиенттерінің арасында AIX-та аталған кезең ішіндегі сауда-саттықтың жиынтықты көлемі 57,1 млрд астам теңгені құрады.

AIX-та 9 ай ішіндегі акциялар бойынша сауда-саттықтың жалпы көлемі 27 млрд теңгеден асты.

Ансар Абуев,«Фридом Финанс» АҚ аналитигі:«Қазатомөнеркәсіп»акцияларының ағымдағы жылы қандай күшті раллиден өткенін ескерер болсақ (+116%), оның не себепті екінші орынға жайғасқанына таңғалудың қажеті жоқ. Тамыз айында уран нарығында жаңа ойыншы – Sprott Physical Uranium Trust (SPOT) компаниясы пайда болды, ол уранды белсене сатып ала бастады, сол арқылы онсыз да ұсынысы шектеулі нарықта тапшылық тудырды. Нәтижесінде U3O8 уранының фьючерстері бір фунт үшін $50 көтерілді, ал бұл инвесторлардың«Қазатомөнеркәсіп» акцияларына деген айрықша назарын аударуына басты себеп болды. Тізім бойынша үшінші орында - «Газпром», «Қазатомөнеркәсіп» сияқты ол үшін де биылғы жыл шикізат раллиі болды. Еуропа мен Азияда газ бағасының күрт өсуінің басты себебі қорлардың төмен әрі алдағы қыстың суық болатынына байланысты, ал бұл БАҚ-та кең талқыланған энергетикалық дағдарыс тудырды.

Сбербанк акциялары портфельде сатып алу үшін айтарлықтай қызығушылық тудырады. Ағымдағы жылы біз аталған акциялар бойынша ұсынымдарды белсенді саттық, сол арқылы олардың осы үздіктер қатарына енуіне себеп болды.

ПИҚ-тар
«Фридом Финанс» АҚ бөлшек клиенттерінің арасында анағұрлым үздік 5 танымал ПИҚ-та мыналарды атап өтуге болады:

1.«Фонд первичных размещений» ЖПИҚ (RU_UKFFipo) – 16,6 млрд теңге
2. Fixed Income АПИҚ (FFIN_or) – 1 млрд теңге
3. SPDR S&P 500 ETF TRUST (US_SPY) – 0,16 млрд теңге

Компания клиенттерінің арасында барлық ПИҚ бойынша КASE-де аталған кезең ішіндегі сауда-саттықтың жиынтықты көлемі 26,4 млрд теңгені құрады. Ал нарықта сауда-саттықтың жалпы көлемі (KASE) 9 ай ішінде 32,7 млрд теңгені құрады. Сауда-саттықтың жалпы көлеміндегі компания үлесі 81% құрайды.

Ансар Абуев,«Фридом Финанс» АҚ аналитигі:Жалпы, мәселе ПИҚ сияқты құралдарға қатысты болғанда инвесторлар көбінесе ұзақ мерзімді инвестициялайтын бірегей құралдың сипаттамасына сүйенеді. Сондай-ақ ПИҚ-тың көбі белсенді болып табылады әрі оларды кәсіби менеджерлер басқарады, сол арқылы инвесторларға сенімгерлікпен басқару артықшылығын пайдалануға мүмкіндік береді.

«Фридом Финанс» клиенттерінің үлкен базасын және бөлшек клиенттерінің арасында ІРО жоғары танымалдылығын ескере отырып, 2021 жылы «Фонд первичных размещений» ЖПИҚ (ФПР) ең саудаланатын ұйым болды. Бұл ПИҚ ниетіне қарай нарық үшін бірегей болып табылады, себебі таяуда АҚШ-тың жетекші нарықтарында орналастырылған акциялар көрсете алатын мол кірістілігінің күрделі басымдығын пайдаланады. 2020 жылғы жазда іске қосылған сәттен бастап қор кірістілігі 200% көрсетті, ал өзінің ең жоғары нәтижесін көрсеткен сәтте 366% жетті.

Екінші орынғаFixed Income ИПИҚ жайғасты, ол ПИҚ-қа қарағанда анағұрлым классикалық болып саналады. Бұл ПИҚ-тың инвестициялық портфелі әртараптандырылған және инвестициялық рейтингісі орташа «ВВВ» дамыған әрі дамушы елдердің сенімді егеменді облигацияларынан тұрады. Қордың жағымды бонусы – жылдық 3% мөлшерінде тиянақталған дивидендтер.

SPDR S&P 500 ETF қоры S&P500 индексімен барлық қалған инвестициялық қорлардың арасында ең ескі, ірі әрі өтімді ETF болып табылады, сол үшін де бөлшек инвесторлардың арасында айтарлықтай кең сұранысқа ие. Сондай-ақ ол кең әртараптандыру береді, себебі онда АҚШ экономикасының барлық маңызды секторы ұсынылған, ал S&P500 индексінің өзі Америкадағы компанияларды бүкіл капиталдандырудан 80%.

Облигациялар
«Фридом Финанс» АҚ бөлшек клиенттерінің арасында KASE-де корпоративтік облигациялар бойынша сауда-саттықтың жалпы көлемі 9 ай ішінде 15,3 млрд теңгеден астам. Үздік үштіктер қатарына келесі қағаздар кілді:
1. «ҚазАгроҚаржы» АҚ (4 орналастыру бойынша) – 4 млрд теңге
2. «ОнлайнКазФинанс» микроқаржы ұйымы» ЖШС – 2 млрд теңге
3. Capital leasing Group – 2 млрд теңге

2021 жылғы тоғыз ай ішінде KASE-де облигациялар бойынша сауда-саттықтың жиынтықты көлемі (негізгі көлемі институционалды инвесторларға қатысты) 1,3 трлн теңгені құрады.

Ансар Абуев,«Фридом Финанс» АҚ аналитигі:Облигациялардың аталған шығарылымдары салыстырмалы түрде жаңа, сол үшін де инвесторлардың оларға деген қызығушылығы жоғары. Оның үстіне, аталған эмитенттер өтеудің қысқа мерзімдерімен қатар тартымды кірістілік ұсынды, сол арқылы мұндай мәміленің тиімділігін арттырды.

IPO
IPO құрал ретінде былтырғы жылы бүкіл әлем бойынша айрықша танымалдылыққа ие болды, бірқатар факторға байланысты «серпіліс» болды, оны тіпті биылғы жылы да байқауға болады.

Егер Freedom Finance Global PLC клиенттерінің арасында осы құрал бойынша деректерді қарайтын болсақ, онда 9 ай ішіндегі сауда-саттықтың жалпы көлемінің $13,3 млн құрағанын (шамамен 5,6 млрд теңге) атап өтуге болады.

Аталған кезең ішінде клиенттер Freedom Finance Global арқылы барлығы 83 ІРО-ға қатыса алды. Бұл ретте 83 компанияның орташа кірістілігі 14$ құрады. Компания клиенттеріне 9 ай өткеннен кейін IPO Doximity (DOCS) нәтижесінде 189% мөлшерінде ең жоғары кіріс түсті.

Кірістілігі жағынан үздік 5 тикер келесідей:
1. IPO Doximity (DOCS) – 189%
2. IPO Verve Therapeutics Inc (VERV) – 163%
3. IPO Dlocal Ltd (DLO) – 163%
4. IPO TaskUs Inc (TASK) – 160%
5. IPO Global-E Online Ltd (GLBE) – 160%

Freedom Finance Global PLC клиенттерінің арасында көлемі жағынан үздік 5 тикер ІРО-ға мыналар кірді:
1. IPO Didi (DIDI) – $1,1 млн
2. IPO Robinhood (HOOD) – $0,5 млн
3. IPO VTEX (VTEX) – $0,4 млн
4. IPO LifeStance Health Group (LFST) – $0,4 млн
5. IPO Procore Technologies Inc. (PCOR) – $0,4 млн

Алем Бектемиров,«Фридом Финанс» ИК аналитигі:IPO бұл әлемде инвестициялаудың танымал құралдарының бірі. Басты артықшылықтарының бірі – жоғары кірістілік, себебі алғашы кұні ІРО бағасы 20–30% астам пайызға өсуі мүмкін деген болжам бар. Көріп отырғанымыздай, 2021 жылғы 9 ай ішіндеDoximity акцияларының кірістілігі 189% құрады, алғашы күні акциялар 104% өсті. Мұндай кірістілік инновациялық өнімге негізделген (мысалы дәрі-дәрмек препараттарын, бизнесті дамыту технологиясын әзірлеу және басқалары). Сондай-ақ андеррайтерлердің компанияны дисконты бар ІРО-ға шығаратынын ескеру қажет (яғни нарық бағалағаннан төмен). ІРО-ға қатысуды таңдағанда бизнестің өсуі, маржиналдылығы және өнімнің бәсекеге қабілетті артықшылықтары немесе нарықтағы қызметтер сияқты компанияның қаржы көрсеткіштеріне назар аудару қажет.

Нарық
Егер нарықтың 2020 жылғы ұқсас кезең ішіндегі (KASE) деректерін салыстырсақ, мыналарды байқауға болады:

– 2021 жылы акциялар бойынша сауда-саттық көлемі 20% өсті;
– корпоративтік облигациялар бойынша сауда-саттық тұрақты деректер көрсетеді (0,7% азаю);
– ПИҚ бойынша сауда-саттық көлемі 3 есеге артты.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Фридом Финанс
Объявления
live comments feed...