• Главная
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша зерттеулер осы жазда өтті
Новости компаний
15:36, 14 ноября 2019 г.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша зерттеулер осы жазда өтті

Новости компаний

Сұхбаткерлерді өңірлер бойынша бөлу «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша қоғамдық пікірді зерделеуге бағытталған ең ауқымды зерттеулердің бірі осы жазда өтті.

Сауалнамаға еліміздің барлық 14 өңірі, сондай-ақ республикалық маңызы бар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары қатысты. Қойылған сұрақтарға 2538 сұхбаткержауап берді; сараптамалық сауалнамаға 49 сарапшы қатысты. Зерттеу бойынша ақпаратты «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының өңірлік және орталық жобалық кеңселері ұсынды.

Зерттеушілердің алдына қойылған міндет бойынша тұтас және объективті сурет алу үшін барлық ықтимал ақпарат көздері пайдаланылғандығын батыл мәлімдеуге болады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша зерттеулер осы жазда өтті, фото-1

Сауалнамаға әлеуметтік топтарды, білімі, ауқаты, отбасы жағдайы, этникалық қатыстылығы әртүрлі Қазақстан азаматтары қатысты. Сұхбаткерлердің жасы 18-ден 99-ға дейін болды, ал ерлер мен әйелдер шамамен тең сұралды. Қазақстанның оңтүстік облыстарынан көп сұхбаткерлер жауап берді (сұралғандардың жалпы санының 45,5%-ы), екінші орында солтүстік (23,2%), үшінші орында Қазақстанның батысы (14,7%). Төртінші орынды елдің шығыс облыстары мен орталық Қазақстан бөлісті (тиісінше 8,6 және 8%).

Зерттеу «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру туралы халық қаншалықты жақсы хабардар екенін білуге, халықтың бағдарламаға тартылу деңгейін анықтауға, бағдарламаның ағымдағы нәтижелерін бағалауға және халықтың бағдарлама іс-шараларын қажет етуін зерделеуге мүмкіндік берді.

Әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша сараптамалық баяндамамен cisc.kz сайтында, «Ресурстар» бөлімінде танысуға болады. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының нәтижелерін бағалау мақсатында ұлттық әлеуметтік зерттеу Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» жобасы аясында өткізілді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Рухани Жаңғыру #Қазақстан #зерттеу #Атырау
Объявления
live comments feed...