Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 20,8%-ға артты

2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда Атырау облысының өнеркәсіп кәсіпорындары арқылы 5676 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылғы салыстырмалы кезең деңгейінен 20,8% жоғары.

Облыста өнеркәсіп өндірісінің құрылымында қомақты үлесті кен өндіру  өнеркәсібі  және карьерлерді  қазу  иеленіп,  2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда оның көлемі 5121 млрд. теңгені  құрады. 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыста 42288,1  мың тонна мұнай, 20888,9 млн.тк.м. жолай мұнайгаз және  2827,1 мың тонна күкірт өндірілді. 

2017 жылдың қаңтар-желтоқсанында өңдеу өнеркәсібінде 492 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өндіріс көлемінің өсуі мұнай өңдеу өнімдерін өндіру өнеркәсібінде (2,4%) байқалды.

2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ауа баптау» және «Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуы және таратылуын бақылау» қызметі түріндегі кәсіпорындар арқылы 63 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өнеркәсіптік сипаттағы қызмет көрсетілді, бұл облыстық өнеркәсіп өндірісі көлемінің 1,1%-ын құрады. 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айында  кәсіпорындар арқылы 5530,7 млн. кВт электр қуаты, 5889,5 мың Гкал жылу қуаты және 47154 мың тк. м ауыз суы өндірілді.

статистика Атырау
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Комментарии
Ответственный за раздел
Инна Бугаева
Журналисты сайта inAtyrau.kz к вашим услугам.

Пишите нам, звоните, сообщайте о городских новостях и событиях - мы надеемся, что с Вашей помощью горожане узнают о жизни Атырау больше.

Вместе с Вами мы сделаем наш город лучше!


E-mail: news@in-city.kz
Телефон: +7 700 978 78 31

Телефон: +7 700 978 78 35