13 қаңтар, сенбіге қараған түні,қар жауа бастауына байланысты "Спецавтобаза" ЖШС қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшті.
Атырау қаласының әкімі Серік Шапкеновтың өкімі бойынша қар тазалаушы техникалар 5 топқа бөлініп, қаланың әр бөлігіне шоғырланды.
Жолдарда көк тайғақты болдырмау үшін 3 резервуар көпірлерге және жол жүру бөлігіне құм себу жұмыстарын жүргізуде.
"Спецавтобаза" ЖШС өкілдерінің айтуы бойынша, таңертеңгілік уақытқа дейін қаланың және қала маңындағы ауылдық округтердің көшелері тазаланатын болады.
- Бүгін біздің барлық күшіміз қаланы қардан тазалауға жұмсалады. Барлық арнай техникалар қар тазалау жұмыстарында болады. Біз ауа райын бақылауда ұстай отырып, жауын басылғанша тәуліктік режимде жұмыс жасауды жалғастырамыз,- деді "Спецавтобаза" ЖШС директорының орынбасары Кимеядин Шманов.