• Главная
  • 2017 жылы Атырау облысының 22 мың жұмыссыз тұрғыны жұмысқа орналасты
16:19, 11 января 2018 г.

2017 жылы Атырау облысының 22 мың жұмыссыз тұрғыны жұмысқа орналасты

2017 жылы Атырау облысының 22 мың жұмыссыз тұрғыны жұмысқа орналасты

30 мыңнан астам адам әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өңірлік жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 22 мың жұмыссыз адам жергілікті және тұрақты жұмыспен қамтылған.

Жұмыспен қамту орталықтарында жұмысқа орналасуға өтініш білдіргендердің ішінен 5 441 жұмыссыз адам ақылы қоғамдық жұмыстарға орналастырылып, 2 793 адам  қайта даярлауға және біліктілігін арттыру курстарына жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 716 жұмыс орны бөлініп, жұмыс берушілерден алынған бос жұмыс орындары үшін 14 802 адам жұмысқа орналастырылды.

- Атырау облысының тұрғындарын жұмыспен қамтуды қолдаудың кешенді жоспарына сәйкес, 2017 жылдың 31 желтоқсанының жоспары 145% орындалды. Жұмыс орындарының қысқаруына жол бермеу үшін жұмыс берушілерді жұмыс орындарында сақтауға немесе басқа жобаларға ауыстыру үшін жұмыс берушілер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нақтырақ айтқанда, облыс әкімдігі және 2539 жұмыс берушілер мен   кәсіподақтар арасында меморандумдарға қол қойылды. Нәтижесінде 869 жұмыс орны сақталды, оның ішінде 1228 адам жұмыспен қамтылды,- дейді Атырау облысынң жұмыспен қамту орталығының мамандары.

Сонымен қатар есепті кезеңде 53 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 2 002 адам жұмысқа орналастырылды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырауоблысы #жұмыс #тұрғыны
Объявления
live comments feed...