
15:42, 10 января 2018 г.
Жәрдемақының жаңа түрі енгізіледі
2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақы енгізілетін болады.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында жәрдемақының жаңа түрін енгізуді тапсырды.
«2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырамын. Бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем емес мұндай жәрдемақыны шамамен 14 мың отбасы ай сайын алады. 2018 жылы осы мақсатқа 3 миллиард теңгеге дейін қаржы бөлінеді», – делінген Елбасы Жолдауында.
Елбасы сондай-ақ 2018 жылы республикалық бюджеттен әлеуметтік салаға бөлінген шығын 12 %-ға өсіп, 4,1 триллион теңгеден асқанын атап өтті.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
baq.kz
Последние новости
18:35
18 сентября
17:57
18 сентября
18:07
17 сентября
18:08
16 сентября
17:38
16 сентября
19:04
15 сентября
17:50
15 сентября
18:11
14 сентября
Объявления
11:07, 14 сентября
12
11:29, 18 сентября
15
09:50, 1 августа
11:32, 10 сентября