Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу, есепке алу бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді талқылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Азаматтар автокөлікті есептен шығару кезінде жаңа есепке алатын автокөлікке өзінің бұрынғы мемлекеттік нөмірлерін орнату үшін 2,8 АЕК көлемінде мемлекеттік баж төлейтін. Одан бөлек арнайы ХҚКО және ІІМ тіркеу-емтихан бөлімшелерінде сақтауда тұрған нөмірлер үшін де ақы төлейтінін тәжірбие көрсетіп отыр.
Осылайша, бір жылда орта есеппен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін сақтауға 11 мыңға жуық азамат өтініш береді және бұл оларды қайта орнату үшін 63 млн теңгеден астам сомаға мемлекеттік баж төлегенмен бірдей.