• Главная
  • Қазақстанда пойыз кестесі өзгерді
14:52, 3 января 2018 г.

Қазақстанда пойыз кестесі өзгерді

Қазақстанда пойыз кестесі өзгерді

1 қаңтардан бастап Қазақстанда пойыз қозғалысының кестесі өзгерді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

«2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап пойыз қозғалысының кестесі өзгерді. Толығырақ ақпарат алу үшін теміржол вокзалдарының немесе «105» нөміріндегі бірыңғай анықтама қызметіне хабарласқан жөн. Қала нөмірлерінен қоңырау шалу тегін», — деп «Түрксіб Астана» жекеменшік тасымалдаушы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Жолаушылар пойыз кестесін «Жолаушылар тасымалы» АҚ сайтынан да қарай алады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ТМД-ға мүше мемлекеттердің теміржол көлігі, 66 Кеңесінің шешімі бойынша 2017 жылдың 10 желтоқсанында Астана уақытымен 00 сағат 00 минутта пойыздардың 2017—2018 жылдарға арналған жаңа кесте енгізілген болатын.

Сондай-ақ, 2018 жылдың 1 қаңтарынан мына пойыздардың реттік саны төмендегідей өзгерді:

  • «Алматы-Атырау» № 35/36 (бұрын № 77/78);
  • «Алматы-Защита» № 45/46 (бұрын № 69/70);
  • «Астана-Ақтөбе» № 97/98 (бұрын № 87/88);
  • «Алматы-Петропавловск» № 703/704 (бұрын № 705/706);
  • «Алматы-Шымкент» № 709/710 (бұрын № 707/708).
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Объявления
live comments feed...