• Главная
  • Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжат қабылдау басталды
18:07, 21 декабря 2017 г.

Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжат қабылдау басталды

Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжат қабылдау басталды

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек қолданысқа енгізіледі.

Атаулы әлеуметтік көмек шартты немесе шартсыз ақшалай көмек түрінде беріледі. Ол аз қамтылған отбасыларға жанұялық табысын жан басына бөлгенде күнкөріс деңгейінің 50 %-нан төмен (шамамен 14 142 теңге) болғанда тағайындалатын болады.

Атырау қаласында тұрғылықты мекен-жайы бойынша тұрақты тіркеліп тұрған аз қамтылған отбасыларының құжаттары қалалық жұмыспен қамту орталығы (Владимирский көшесі, 23 «Б» үй) арқылы, ауылдық жерлерде тұратын отбасылардың құжаттары округ әкімдіктері арқылы қабылданады.

Атырау қалалық әкімдігі толық ақпарат алу үшін Шәріпов көшесі, № 4 «А» үй, №10 бөлмеге жолығуларын сұрайды.

Анықтама телефондары: 76-60-20, 76-60-24

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Объявления
live comments feed...