• Главная
  • Құман Тастанбековты ақтық сапарға шығарып салды
10:13, 20 декабря 2017 г.

Құман Тастанбековты ақтық сапарға шығарып салды

Құман Тастанбековты ақтық сапарға шығарып салды

Қазақтың жүрегінде "Қыз Жібек" фильміндегі Төлеген рөлімен танылған Құман Тастанбеков 17-желтоқсан күні өмірден озды.

Бүгін Алматыда көпшіліктің жүрегін жаулаған кино және театр актерін ақтық сапарға шығарып салды.

Қоштасу рәсімі Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының ғимаратында өтіп жатыр, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Танымал актерді ақтық сапарға шығарып салуға әріптестері, достары және жақындары жиналған.

Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков 1945 жылы 10 наурызда Алматы облысы Сарқант ауданы Екіаша ауылында дүниеге келген. Актер, ҚР-ның халық артисі (1993 ж.). 1969 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) актерлік факультетін (ұстазы – профессор Х.Бөкеева) бітірген соң, Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрының құрамына қабылданды. Оның алғаш ойнаған рөлі – “Қыз Жібек” фильміндегі Төлеген (1970 ж.). Бұдан кейін “Қыс – мазасыз маусым”, “Ағам менің”, “Ерекше күн”, “Аққулар ұшып келеді”, “Махаббат жаңғырығы”, “Ағама арналған қалыңдық”, “Қараша қаздар қайтқанда”, “Провинциялық хикая”, “Алаң шеті”, “Өрнек”, т.б. фильмдеріне түсті.

Ол театр сахнасында Қасым, Құлбек (Ш.Айтматов, “Ана – Жер-ана” мен “Ақ кемесі”), Әлібек, Нарша, Абыз (М.Әуезов, “Айман – Шолпан”, “Қарагөз” бен “Еңлік – Кебек”), Тәңірберген (Ә.Нұрпейісов, “Қан мен тер”), Жан (О.Бөкеев, “Құлыным менің”, Қазақстан Ленин комсомолы сыйл., 1976), Айдар (Әуезов пен Л.С. Соболев, “Абай”), Маздақ (М.Шаханов, “Сенім патшалығы”), Орест (Л.Дюрко, “Электра, сүйіктім менің”), Флоридор (Ф.Эрве, “Түлкі бикеш”), Фархад (Назым Хикмет, “Фархад – Шырын”) т.б. секілді әр алуан рөлді сомдады. «Құрмет» орденімен марапатталған. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері.

Сурет: Вaq.kz

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Объявления
live comments feed...