• Главная
  • Атырау облысын ұлттық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін марапаттады
14:09, 11 декабря 2017 г.

Атырау облысын ұлттық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін марапаттады

Атырау облысын ұлттық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін марапаттады
Атырау облысы ұлттық спортты дамытуда үздік боп танылды және "Алтын тұғыр" арнайы жүлдесімен марапатталды, деп xабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл марапат аймаққа «EXPO-2017» халықаралық көрмесінің аясында, атап айтқанда ұлттық спорт түрлері бойынша мамандандырылған көрмелердің қорытындысы бойынша берілді. Марапат Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекетке табысталды.
Салтанатты шара барысында Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалды Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты ұлттық спорт түрлерін дамытуға қосқан үлесі үшін «Елімжан» төсбелгісімен марапаттады. Сондай-ақ, «Ұйымдастырушы» және «Үздік ұйымдастырушы» аталымдары бойынша Атыраулық Руслан Төлеген марапатталды
Елордада ЭКСПО-2017 көрмесінде өткен Атырау облысының мәдениет күндеріне 800-ден астам спорт және мәдениет өкілдері қатысты. Республикада ұлттық спортты насихаттауда біздің облысымыз үздік деп танылды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Объявления
live comments feed...