• Главная
  • Желтоқсанда ауа райы қандай болады?
15:09, 4 декабря 2017 г.

Желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Алдын ала болжам бойынша айдың бірінші онкүндігінде антициклон ықпал етеді, салдарынан еліміздің барлық аймақтарында күн райы жауын-шашынсыз болып, түнде және таңертен тұман түседі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Батыста түнде 2...12 градус аяз, күндіз 2 аяз...3 градус жылы болады. Солтүстікте, орталықта және шығыста түнде 10...20 аяз, күндіз 2...10 аяз болады.

Тек еліміздің оңтүстігінде айдың басында циклон ықпал етіп жауын жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Ауа температурасы онкүндікте түнде 5...15 аяздан 0...5 аязға, күндіз 0...5 аздан 0...8 аязға дейін жоғарылайды.

Ұзақ мерзімді болжам бойынша екінші онкүндіктің басында және соңында, сондай-ақ үшінші онкүндіктің соңында аяз болады деп болжануда. Арктикалық теңізден енетін суық ауа массаларының салдарынан еліміздің солтүстік-шығыс бөлігінде екінші онкүндіктің соңында аяз болады, ауа температурасы түнде 25...35 аязға, күндіз 15...20 аязға дейін төмендейді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Объявления
live comments feed...