• Главная
  • ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Атырауда 200 орындық Мәдениет үйі ашылды
15:46, 30 ноября 2017 г.

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Атырауда 200 орындық Мәдениет үйі ашылды

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Атырауда 200 орындық Мәдениет үйі ашылды

Бүгін Жұмыскер ауылдық-округінде 200 орындық Мәдениет үйі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
2016 жылы басталған Мәдениет үйінің құрылысы биылғы жылы аяқталып, Тұңғыш Президент күні қрасаңында пайдалануға берілді. Жаңа нысан құрылысы НКОК әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалар бағдарламасы шеңберінде салынған. Жобаның жалпы құны 230 млн. теңге.
Жаңа өнер шаңырағының екі қабатты ғимаратында әкімшілік және техникалық жайлар, кең көрермендер залы, кітапхана және балаларға арналған қөлөнер шеберлік сыныптары жұмыс істейді.
Салтанатты шарада сөз алған Жұмыскер ауылдық-округінің әкімі ауыл тұрғындарын мереке қарсаңында қолданысқа беріліп жатқан жаңа Мәдениет үйінің ашылуымен құттықтады.
Ауылдық-округте осы уақытта дейін мәдениет үйі болмаған. Ал, қазіргі таңда қолданысқа берілген өнер шаңырағының ашылуы тұрғындар үшін үлкен қуаныш болып отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Мәдениетүйі #Атырау
Объявления
live comments feed...