• Главная
  • Жас тілшілер фестивалі басталды
17:36, 28 ноября 2017 г.

Жас тілшілер фестивалі басталды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі «Өрімтал» облыстық жас тілшілер фестивалін ұйымдастырды.

Аталған медиахолдинг осы уақытқа дейін «Ғажайып өлке» шығармалар конкурсын өткізген болатын. Үш жүзден астам шығармалардың ішінен қырық оқушының жазбасы іріктеліп алынды. Сөйтіп, аудандардан 28 оқушы, қала мектептерінен 12 шәкірт қауырсын қалам иелері болуды армандайтын жас өркендер фестиваліне жолдама алды.

Медиасеріктестіктің баспасөз орталығында облыстық жас тілшілер форумына қатысушылар «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Исатай Балмағамбетов, «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Нәсіп Шалабаева және басқа да журналистермен кездесіп, көкейлерінде жүрген көп сауалға жауап алды. Медиахолдингтің тыныс-тіршілігімен танысты.

Жоспарға сәйкес облыстық «Атырау» телеарнасы ұжымымен кездесіп, телеарна өмірін өз көздерімен көрді. Одан кейін жас қаламгерлер Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Абзал Тәлтеновтің қабылдауында болып, университет өмірінің аз ғана сәтіне куә болды. Университет оқытушыларының дәрісін тыңдады.

Түстен кейін елімізге және өңірімізге танымал журналистер мен медиа мамандарының шеберлік сыныптары өткізілмек. Нұрғиса Тілендиев атындағы Атырау облыстық «Кіші өнер академиясы» дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар мамандандырылған мектебіндегі журналистика мамандығының «Зерде» телестудиясына барып, ондағы шәкірттермен, мұғалімдермен жүздеспек.

Бүгінгі күннің кешінде Атырау қаласының көрікті жерлеріне саяхат жасап, Жайық жағалауына кешкі серуенге шықпақ. Жас тілшілер фестивалі ертеңгі күні де жалғасын табады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Объявления
live comments feed...