ҚОҒАМДЫҚ САУАЛНАМА
17:33, 23 ноября 2017 г.
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ҚЫЗМЕТІ
ҚОҒАМДЫҚ САУАЛНАМА
21 қараша күні inatyrau.kz қалалық сайты әлеуметтік желілердеқазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі «Қоғамдық көліктер қызметі» тақырыбында сауалнама жүргізген болатын.
Әлеуметтік желілерде белсенділік танытқан желі тұтынушыларынан бөлек, қала тұрғындарының да пікірін тыңдауды жөн көрді. Қарапайым халықтың пікіріне орай, қара жолды қақ жарып, жарысқа түсетін автобустар жағдайы, қоғамдық көліктер мәдениеті мен жолаушылар наразылығы туралы әлеуметті алаңдатқан сауалға 23 қараша сағат 21:20 Атырау арнасында тікелей эфирде «Назар» ток-шоуы жауап береді. Сіз бен бізді сергелдеңге салған сұрақтардың жауабын «Смарт Атырау» КМК орталық диспетчерлік қызметінің бастығы Нұрлан ТҰРЛАНОВ және қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің көлік және энергетика секторының басшысы Қуаныш ИБРАГИМОВ бірге талқылаңыздар.
Сонымен қатар қоғамдық көліктерге көңілі тола бермейтін қала тұрғындарының пікірімен бөлісуді жөн көрдік.
- Арайлым Дилмагамбетова- қала қонағы:
Жалпы Атыраудаға келгелі қоғамдық көліктерге бейжай қарай алмайдым. Көліктер адамдарға лық толы. Мысалы, таңертең автобусқа отырар болсам, көңіл күйім бірден түсіп кетеді. Өйткені онда кірер-кірместен көлікке сыймай жатқан адамдарды көремін. Тіпті уақыттың аздығынан амалсыз көлікке мінуге тура келеді. Алайда көп ұзамай дем жетпей тұншыға бастаймыз. Отыратын орындықтар мүлде болмайды. Орындық түгілі тұрып тұратын орындар да жетпей жатады. Көптеген халықтың ішінде құлап қалмаудың қамын жасап бірдеңеге жармасуға да мұрша бермейді. Мен өзім Алматы қаласынан келдім.Атырауда Сәтбаев көшесіндегі жаяу жүргіншілерге арналған жолдар көліктерге жүруге мүмкіндік бермейді. Оның үстінеавтобустар өте кішкентай. Сондықтан халық күнделікті тұтынатын қоғамдық көліктер болғандықтан көлемін үлкейту керек деп ойлаймын.
-Ғарифолла Дулетқалиев-қала қонағы:
Адам өте көп. Кондуктор ға да, көлік жүргізушісіне де ренжуге болмайды. Оны тек халықпен жұмыс жасаған адам ғана түсінеді. Маршруттар саны аз. Мен көбіне орталық алаңдарда қатынайтын №14 автобусты тұтынамын. Қоғамдық көлік болғасын әр түрлі нәрсе болады. Оларға да түсіністікпен қарау керек. Меніңше, көліктер санын көбейтіп, жүргізушілер қозғалысын баяулатса барлығы дұрысталады деп ойлаймын.
-Динара Оразова-қала тұрғыны:
Қоғамдық көліктер бір-бірімен жарысқанымен аздай әр аялдамаға кем дегенде 10-15 минут тоқтайды. Ішіндегі халық айқайлап, белгі бермейінше жүрмейді. Көріп тұрғаныңыздай, 57 маршруттің қарасы да көрінбейді. Көлік жүргізушілері жарыса отырып, ішіндегі қарапайым халық жарақат алып немесе денсаулығыназақым келсе, олар жауап бермейтінін айтып ақталады. Бұндай жағдай өз басымнан өткен. Денсаулығыма зиян келіп, олардың үстінен арыз жазғанымызда көлік жүргізушілері бізбен өштескен болатын. Қай аялдамада адам болады. Көлікте орын болмаса да сол адамды тоқтап алып кетеді. Мен Дамбы ауылдық округінде тұрамын. Біздің ауылға келер болсаңыз мүлде тәртіп жоқтығына көзіңіз жетеді. Жүргізушілер екі есе адам көп болу үшін қосалқы орындық ретінде ағаштарды қойып қояды. Тәртіп сақшыларын көзі шалғанда лезде алып тастайды. Кондукторлар мектеп оқушыларын тіптен алмайды. Неге алмайды? Әрине, жол ақысын төлемегесін. Онымен қоймай, сенбі күні мектепте оқитын оқушыларға сенбейді. Жуырда осы сенімсіздіктің кесірінен мектеп оқушысы құлап, өзін зақым ете жаздады.
-Ержан Маркс-қала тұрғыны
Біздің қоғамдық көліктер өте кішкентай. Ертемен халық жұмысқа шыққанда автобустардан орындар таба алмай қалады. Халықты аузы-мұрнына толтырып алып, бір жағына қисайып жүре береді. Меніңше, автобустарды жаңарту керек. Бұрын болған ақ автобустардарды қайта әкелер болса, халық үшін қолайлы болады деп ойлаймын.
-Айгүл Габдуллина-қала тұрғыны:
Мен күн сайын №10 маршрутпен жүремін. Таңертең сағат 07:30 шамасында үйден шығамын. Сол уақыттың өзінде қоғамдық көліктерде адамдар толы болады.Халықпен бірге бірдеңе етіп автобусқа кірген күнде де отырмақ түгілі тұрып тұруға да орын таппай қаламыз. Әрбір аялдамадан мінетін халық жөнінде сөз ету мүмкін емес. Жаңбырлы, балшық күндері тіптен күйсізденіп кетеміз. Оның үстіне автобустың терезелеріқара перделермен тұмшаланып одан сайын тұншықтырады. Қоғамдық көліктердің көпшілігі ертемен вокзалдан қатынайды.Авангард мөлтек ауданынан кеш шығып, соның кесірінен қатты жылдамдықпен жүреді. Осындай келеңсіздіктердің нәтижесінен халық таксимен жүруге мәжбір. Сонымен қатар студенттер саны да көп. Әкімдік осылардың барлығына назар аударса екен.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
11:55, 4 октября
15
11:55, 4 октября
53
live comments feed...
Комментарии