• Главная
  • 2017 жылғы қаңтар-қыркүйектегі халықтың көші-қоны
11:59, 21 ноября 2017 г.

2017 жылғы қаңтар-қыркүйектегі халықтың көші-қоны

2017 жылғы қаңтар-қыркүйектегі халықтың көші-қоны

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте облыс бойынша қоныстанушылар саны – 21821 адам,  көшіп кеткендер 21724 адамды құрады. 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда келгендер саны 2,1 есе, кеткендер саны  2,3 есе көбейді.

Көші-қон бойынша оң айырым қалыптасып отыр, бұл негізінен ТМД елдерінен біздің облысымызға келушілер есебінен болды.  2017 жылғы қаңтар– қыркүйекте  ТМД елдерінен 199 адам келді.

Халықаралық көші-қон бойынша ТМД елдері есебінен оң айырым қалыптасты. Басқа елдер бойынша көші-қон өсімі  29 адамды  (2016ж. қаңтар-қыркүйекте 24 адам) құрады. Алыс шетелдерден келушілердің 76,3% - Қытайдан,   5,3% - Түркиядан болды.

ТМД   елдері   бойынша көші–қон өсімі 123  адамды құрап, бұл 2016 жылмен салыстырғанда   4 адамға кеміді. ТМД  елдеріне кеткендердің 72 адамы, яғни 94,7% Ресейге кеткен.  Алайда, осы  кезеңде Ресейден Атырау облысына  75 адам  қоныстанды, бұл ТМД елдерінен көшіп келгендердің 37,7% құрады. Өзбекстан, Украйн елдерімен  көші-қон   алмасуы  өзара тығыз жағдайда болып отыр, соңғы  жылдары бұл мемлекеттермен Атырау облысындағы көші-қон байланысы оң айырым нәтижесін көрсетіп, тиісінше  92 және 9адамды  құрады.  

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#көші-қон
Объявления
live comments feed...