• Главная
  • ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЫСЫҚТАР КӨРМЕСІ ӨТТІ
15:55, 20 ноября 2017 г.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЫСЫҚТАР КӨРМЕСІ ӨТТІ

18-19 қараша күндері Атырауда Халықаралық мысықтар көрмесі өтті.

1871 жылы-лондондық «Хрусталь сарайында» алғашқы дүниежүзілік мысықтар мен марғаулар көрмесі өткізілді. Содан беріжыл сайын әр елдеХалықаралық мысықтар көрмесідәстүрлі түрде өткізіліп келеді. « World Cat Federation» деп аталатын мысықтар Федерациясы Германия елінде тіркелген. Қазіргі күнде Анель Искакман президенті болып табылады.

Жер көлемі бойынша әлемдегі ең үлкен елдердің көшін бастап тұрғанРесейФедерациясында бұл көрме жылына 2 рет өткізіледі екен. Еуропа мен Азия деп бөлінетін екі тарапты таныстыру мақсатында жеке-жеке бөлініп ұйымдастырылады екен.

Осы күнге дейін еліміздіңАлматы, Ақтөбе, Қостанай қалаларында өтіп үлгерген аталмыш көрме Атырауда алғаш рет өткізіліп отыр.

Германия, Ресей, Туркия елдерінен келген қонақтарға қазақи дәстүрді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған көрмеде ұлттық тағамдарымыз бен ою-өрнектегі әдемі әшекейлеріміз көрніс тапқан. Сонымен қазақтың кеңпейілділігі мен қонақжайлылығының исі аңқыған атаулы көрменің төрінде еліміздің желбіреген көк байрағы ілініп тұр.

-Гүлнара Амирова- ұйымдастырушы:

Бұл көрмеде Атырауды әлем деңгейінде, Еуропа көлемінде таныстыру мақсатында ұйымдастырылған алғашқы көрмелердің бірі. Көрмеге 30- ға жуықәр түрлі пародалымысықтар қатысып отыр. Олар: шотландық, британдық қысқа жүнді мысықтар мен Егитпеттік сфинкстер, мейн-кун тұқымынан тараған марғаулар, экзотикалық әрі сирек кездесетін асыл тұқымды мысықтар. Сонымен қатар Ресей мен Қазақстаннан 2 эксперименті мысық тектес жануарларымызда қатысып отыр. Дегенмен олардың өзі де терісі мен жүніне байланысты 4 түрге бөлінеді.

Көрмеде жан-жануарлардан бөлек,алдын алу шаралары мақсатында ветеринариялық клиникалар мен өзге де қолөнер бұйымдары таныстырылған.

-Светлана Сурикова-көрме қатысушысы, дизайнер:

Мен мында Ақтау қаласынан құрбымның шақыртуы бойынша келдім.Біздің мысықтарға және де басқа да бұйымдарымызкөрмеде көрсетіліп жатыр. Жалпы өзім HANDMADE (қолдан жасалған ерекше, түпнұсқалыдизайындар) жұмыстарыммен халықаралық көрмелерге қатысып жүрмін. Көрме сондай керемет өтіп жатыр. Жиналған халық та көп.Әдемі сәттер сыйлап жатыр.

Екі күнге созылған көрмеде жас марғауларды Paisley Marmichel түрлі породасына қарай 3 орынға бөлді. Ең кішкентай дара породалы мысық ретіндесусар тұқымдасынан УфаСтар 1- орынға лайық деп танылды.

Шара аясында мысықтар арасында сайыстар ұйымдастырылды. Келесі жылы дакөрмені ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#мысық #марғау #көрме
Объявления
live comments feed...