17:50, 16 ноября 2017 г.

АТЫРАУДА КӨПЕННІҢ КЕШІ ӨТТІ

Есімі елге танымал белгілі сатирик, жазушы, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері сықақшы Көпен Әмірбек  Атырауда «Көпен келе жатыр» атты әзіл-сықақ кешін өткізді.

Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласына орай ұйымдастырылып отырған аталмыш шараның қонақтары- Өзбекстанның Халықәртісі Балтабай Ташматов пен Қырғызстанның Халық әртісі Жошыбай Қадырматов.

Сонымен қатаркешке облыс әкімінің орынбасары Ә. Нәутиев те қатысты.

«Өмірдегі кейбір түйткілдерді, адам бойындағы қолайсыз мінездерді сын сапарының қарамағына алып, үлкен мәселерді қозғап жүр»- деп Көпен ағамыздың шығармашылығы мен өмір жолына тоқталып өтті.

«Сіздер Жайықтың жағасында өссеңіздер, мен Сырдария мен Әмударияның ортасында Қызылқұмның олртасында өстім. Бұгінде Жайықтың жағасына келіп шалықып жатқан жайымыз бар»-деп облыс әкімі Н. Ноғаевқа қонақжайлылығы мен құрметіне алғысын айтты.

Одан әрі кеш ҚР Мәдениет қайраткері Г. Сүндетованың орындауындағы «Ақ Ерке Ақ Жайық» әнімен жалғасын тапты. Залды күлкіге толтырған сықақтарден кейін К. Әмірбектің сөзіне жазылған «Әнім солай қыздар-ай», «Әттеген-ай» әндері де шырқалды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#сықақ #әзіл
Объявления
live comments feed...