14:40, 15 ноября 2017 г.
ЭКСПО аумағында Astana Hub технопаркі құрылады
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ЭКСПО аумағында құрылатын Astana Hub IT-стартаптардың халықаралық технопаркі туралы толыққанды түсіндірме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Технопарк «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) аумағында тіркелетін болады. Сондықтан, қаржылық ұйымдар (еншілес қорлар - ред.) және финтех-стартаптарға корпоративтік табыс салығы (КТС) мен жеке табыс салығы бойынша жеңілдіктер беріледі. Өз кезегінде қаржылық емес ұйымдар мен стартаптарға КТС және әлеуметтік салық бойынша салықтық жеңілдіктер көрсетіледі. Бұл шаралар әлі де талқыланып жатыр», - деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен «ЭКСПО-2017 мұрасы» атты дөңгелек үстелде.
Министр Үкіметтің Astana Hub IT-стартаптардың халықаралық технопаркін құру бойынша жұмыс істеп жатқанын еске салды. Оның үстіне, технопарк құру идеясы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген және жобаның тұжырымдамалық нобайы халықаралық тәжірибені зерттеуге негізделген.
«Көптеген дамыған елдердің үкіметтері инновациялардың күннен-күнге маңыздылығы арта түскенін сезінді және белсенді түрде стартап-экожүйелердің дамуына инвестиция құюда. Бірқатар халықаралық компаниялармен консультациялар жүргізіп, олардың басшыларымен кездесіп, жұмыстарының нақты механизмін зерттеген соң, стартап-экожүйелерді құру және дамыту, Қазақстанда технологиялық кәсіпкерлік мәдениетін дамыту мақсатында әлемдік стартаперлерді тарту бойынша жоспарымызды жасадық», - деп атап өтті ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі.
Дәурен Абаевтың айтуынша, технопарк үшін жарамды аумағы 10 мың шаршы метрден асатын ЭКСПО-2017 павильоны бөлінген.
«Қазіргі уақытта павильон жобасы әзірленді және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ғимарат ішінде білім беретін аймақ, коворкинг-кеңселер, келіссөздер бөлмесі, R&D-аймақтар, мәслихат залдары, технопарк серіктестері мен резиденттеріне арналған кеңселер және демалыс аймағы болады. Сондай-ақ, технопарктің стартап-командалары үшін ЭКСПО-2017 ауданынан жалдамалы баспана беруді де жоспарлап отырмыз. Бұл ауданда ірі сауда орталығы, футбол және хоккей стадионы, мұз сарайы, балет театры және ботаникалық бақ бар», - деп атап өтті министр.
Д.Абаевтың пікірінше, инновациялық экожүйені дамыту құралдарының бірі - корпорациялар мен ұлттық компанияларды тарту. Бұл жағдайда технопарк корпорациялардың технологиялық және басқару мәселелерін шешеуге арналған алаңға айналады.
«Корпоративтік инновациялар аясында корпорациялар мен ұлттық компаниялар тапсырыс беру, стартаптарды инвестициялау мүмкіндіктеріне ие болады. Нарық акселераторлары (нарықтық қатынасты мемлекеттік реттеуде пайдаланылатын көрсеткіш) мен инкубаторлары сараптамалық және консультациялық қолдау көрсететін болады. Үкімет өз тарапынан инновациялардың дамуына септігін тигізетін нормативтік саясатты үйлестіреді. Ішкі және халықаралық деңгейде түрлі хакатондар (бағдарламалау марафоны) өткізу де негізгі құралдардың бірі», - деді Дәурен Абаев.
Сонымен бірге, инновациялық шешімдерді тестілеу мен сапасын анықтауға қолайлы жағдай жасау мақсатында нормативтік-құқықтық саясатты тұрақты жетілдіріп отыру да Үкіметтің негізгі міндеттерінің бірі болмақ.
«Технопарк «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) аумағында тіркеледі, сондықтан резиденттердің еңбек және визалық режимдері оңтайландырылады. 46 елдің оның ішінде ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы - ред.) мүше мемлекеттердің азаматтары үшін 30 күнге дейін еркін визалық режим енгізілді. АХҚО қатысушылары 5 жылға дейін арнайы визалық режимді пайдалана алады, виза беру, жұмысқа рұқсатнама беру үшін «бір терезе» оңтайландырылған тіркеу режимі енгізіледі», - деп өз сөзін түйіндеді Дәурен Абаев.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
19:26
Вчера
16:48
Вчера
ТОП новости
Объявления
11:55, 4 октября
11:55, 4 октября
15
live comments feed...