
11:56, 15 ноября 2017 г.
Атырауда мектептерге автобус сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 120 млн теңге бөлінді

Атырау қаласында тағы да қосымша 9 мектепке автобус алынды,-деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
Өткен жылы облыс орталығы мен қала маңындағы ауылдардағы 14 мектеп балаларды тасымалдауды жүзеге асырды, биыл қосымша 9 мектепке автобус алынды.
-Өткен оқу жылында қала мен оның маңындағы селолық округтердегі мектептен үш шақырым алыста тұратын 3318 оқушы тасымалданды. Атап айтсақ, №4,№5,№6,№25,№32,№36 жəне Еркінқала, Қ.Смағұлов, Бесікті, Б.Нысанбаев, Т.Амандосов, М. Өтемісов, Жамбыл, Амангелді атындағы мектептер. Биыл жергілікті бюджет қаржысына қосымша автобустар сатып алынды, соның арқасында тасымалдаумен қамтылатын балалар саны да көбейді,- деді қалалық білім беру бөлімінің басшысы Светлана Аманшиева.
Фото на главной с today.kz
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:07
17 сентября
18:08
16 сентября
17:38
16 сентября
19:04
15 сентября
17:50
15 сентября
18:11
14 сентября
Объявления
11:29, Вчера
53
11:29, Вчера
15
11:32, 10 сентября
09:50, 1 августа
11:07, 14 сентября
12