15:33, 14 ноября 2017 г.
Елiмiзде орташа жалақы 149 мың теңгенi құрады
2017 жылғы қазанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 149 917 теңгені құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2017 жылғы қыркүйекте халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 79 391 теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қыркүйекке қарағанда 4,3% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2,6% төмендеді.
Сондай-ақ, 2017 жылғы қазанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 149 917 теңгені құраса, қазанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 438,2 мың адамды құраған. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2017 жылғы қазанның соңына 134,6 мың адамды құрап отыр», - деп жазылған хабарламада.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
11:55, 4 октября
53
live comments feed...