10:25, 11 ноября 2017 г.
Есепші балабақша ақшасын жымқырғаны үшін сотталды
Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында «Өркен» балабақшасының есепшісіне қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотқа дейінгі тергеу органдарымен оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 189-бабының 3-бөлігінің 1) тармағымен көзделген қылмысты жасағаны, яғни өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде жымқырғаны үшін айып тағылды.
Сотта анықталғандай, Н.Т. «Өркен» балабақшасында есепші болып жұмыс жасап, 2015 және 2016 жылдар аралығында ата-аналармен төленген ақшаларды балабақшаның банктегі есеп шотына түгелдей аудармаған. Осылайша ол өзіне 2 345 097 теңгені иемденген.
Тергеу барысында Н.Т. аудан прокурорымен кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісім жасасты.
Сот үкімімен аталған келісім бекітіліп, келісімге сәйкес оған 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Рақымшылық жасау актісінің негізінде тағайындалған жаза 2 жыл 6 айға дейін қысқартылып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
19:19
Вчера
ТОП новости
Объявления
11:55, 4 октября
15
10:08, 30 сентября
12
live comments feed...