• Главная
  • ЕХРО аясында Атырауда бес инновациялық жоба жүзеге асырылады
13:45, 4 ноября 2017 г.

ЕХРО аясында Атырауда бес инновациялық жоба жүзеге асырылады

ЕХРО аясында Атырауда бес инновациялық жоба жүзеге асырылады

Атырауда халықаралық «ЕХРО-2017» көрмесі аясында бес инновациялық жоба іске қосылады.

Мәселен, Исатай ауданында қуаты 52 МВт жел электростансасы салынып жатыр. «ВетроЭнергоТехнологии» компаниясы іске қосқалы отырған жобаның жалпы құны 12,382 млрд. теңге. 2020 жылға дейін кезең кезеңімен қолданысқа енгізілетін жоба аясында 20 жаңа жұмыс орны ашылады.

«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аумағында кәсіпорындарға арналған газ тұрба электр стансасы салынуда. Жалпы қуаты 310 МВт болатын станса 2019 жылы қолданысқа беріледі. Жобаны «Karabatan Utility Solutions» компаниясы жүзеге асыруда. Жалпы құны 111 млрд теңге болатын нысан іске қосылған жағдайда 120 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Басты жаңалықтың бірі сол, Атырау «ақылды қалаға» айналады. Бүгінде облыс орталығының 106 шақырым көшесін энергия үнемдегіш шамдармен жабдықтау жұмысы жүргізілуде. «Philips» компаниясының технологиялары негізінде жүзеге асырылатын эконом жобаға 2,336 млрд теңге жұмсалады.

ЕХРО аясындағы төртінші жоба қатарында, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтайтын алаңның құрылысын жаңарту аталып отыр. 3,5 млрд теңгеге бағаланған жобаны жүзеге асыру мерзімі 2018-2020 жылдарға жоспарланған. Ашылатын жұмыс орны – 40.

Бесінші жобаның ерекшелігі эконом формуласына құрылуында. Яғни, қуат үнемдеуші технологиялар негізінде Атырау қаласында сегіз мектеп және жиырма балабақшаның құрылысы жоспарлануда. Жүзеге асу мерзімі 2018-2020 жылдарға жоспарланған жобалардың жалпы құны 16 млрд теңге. Қазіргі уақытта жер телімі бөлініп, жобаның сметалық құжаттамасы жасалуда.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#қуат #электростанция
Объявления
live comments feed...