• Главная
  • Иппотерапия орталығының құрылысы басталды
08:57, 4 ноября 2017 г.

Иппотерапия орталығының құрылысы басталды

Атырауда еріктілердің күшімен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған иппотерапия орталығы салынады
Канистерапия орталығының жетекшісі Ерлан Күмісқалиев аймақта жылқымен емдеу ісін дамытуды көздеп отыр, - деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бүкілхалықтық дауыс беру қортындысымен Ерлан Күмісқалиев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысуға ұсынылған еді. Атырау облысынан жобаға 7 үміткер іріктелді, оның қатарында «Атырау. Шағын ел» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі де бар. Ұйым қызметі жұлын және бас миы зақымданған балаларды емдеу мен сауықтыруға негізделген.
«Атырау. Шағын ел» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына биыл 5 жыл болды. Осы уақыт аралығында канистерапия әдісі арқылы әр түрлі сырқатқа шалдыққан 300-ден астам бала ем-домнан өтті. Ерлан Күмісқалиев енді жылқылардың көмегімен иппотерапия арқылы балаларды емдеуді ниеттеніп отыр. Иппотерапия орталығы Атырауда кәсіпкерлер мен ынталы азаматтардың қолдауымен салынады.
-Екі жыл бұрын біздің екі тренеріміз Грузияда біліктіліктерін арттырып, иппотерапевт-инструктордың халықаралық сертификатын алды. Содан кейін жылқылармен емдеу орынын ашуды жоспарладық. Жергілікті билік 5 га жер телімін берді, енді кәсіпкерлер мен қайырымды жандардың көмегімен иппотерапия орталығының құрылысы басталды, - дейді Ерлан Күмісқалиев.
Орталық құрылысы Атырау қаласының маңындағы Ақжар ауылында бой көтерді. Келер жылдың көктемінде аяқталады деген жоспар бар. Ерлан Күмісқалиевтің айтуынша, еріктілер мен демеушілер құрылысқа қажетті жағдайдың бәрін жасап отыр. 
В Атырау благодаря усилиям волонтеров строится центр иппотерапии для особенных детей 
Руководитель центра  канистерапии  Ерлан Кумискалиев  намерен развить в регионе  лечение лошадьми, сообщает региональная  служба коммуникации Атырауской области.
По итогам всенародного голосования Ерлан Кумискалиев  был рекомендован для участия в проекте «100 новых лиц Казахстана».  Всего из Атырауской области  для участия в проекте было отобрано 7 кандидатов, в число которых входит и руководитель общественного объединения «Атырау. Маленькая страна».  Деятельность организации заключается в лечении и  реабилитации детей с повреждениями головного и спинного мозга. 
Общественному объединению  «Атырау. Маленькая страна» в этом году исполнилось 5 лет. За это время благодаря методу канистерапии реабилитацию прошли более 300 детей с различными диагнозами. В настоящее время Ерлан Кумискалиев намерен лечить детей с помощью лошадей, посредством иппотерапии.  Центр иппотерапии строится в Атырау благодаря поддержке предпринимателей и просто неравнодушных людей. 
- Два года назад,  два наших тренера прошли обучение в Грузии и получили международные сертификаты инструкторов - иппотерапевтов. После получения данных сертификатов мы поставили перед собой  цель открыть центр лечения лошадьми. Благодаря местным властям, которые помогли в получении земельного участка площадью 5 га, местным  предпринимателям и добрым людям началось строительство центра иппотерапии, - рассказал Ерлан Кумискалиев.  
Согласно намеченному плану строительство центра иппотерапии в  с. Акжар в пригороде Атырау, планируется закончить весной следующего года. По словам Ерлана Кумискалиева все необходимые условия для строительства созданы с помощью волонтеров и спонсоров.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#центр #иппотерапия #орталығы #құрылыс
Объявления
live comments feed...