• Главная
  • ТШО зауыттағы факельдердің өртенуіне түсінік берді
15:32, 3 ноября 2017 г.

ТШО зауыттағы факельдердің өртенуіне түсінік берді

ТШО зауыттағы факельдердің өртенуіне түсінік берді

Теңіз кен орнындағы мұржалардан будақтай шыққан түтін атыраулықтарды тағы шошытты. Мамыр айында орын алған төтенше жағдайдың артынша, 28 қазан күні әлеуметтік желілерде «Теңізшевройл» компаниясының зауытында болған «өрттің» видеосы тарады. Видеода зауыт жұмысшылары лаулаған факелдерден қоршаған ортаға келер залалға алаңдайтыны туралы айтылады.

Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Қабижан ҚАПАНОВ алаңдауға еш себеп жоқ екенін, «Теңізшевройл» компаниясына тиесілі КТЛ-1 зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

«Соған байланысты «факелді өртеу» әдісі қолданылуда. Бұл жоба ілеспе газды өңдеуді дамытуға арналған. Ал осы кезде бөлінген залалды заттар белгіленген нормативтерден аспайды», - деді ол редакция сауалына жауап беріп. 

"Теңізшевройл" компаниясының қоғам және үкіметпен байланыс бөлімінің өкілі мемлекеттік органдардан бұл жұмыстарға рұқсат алғанын жеткізді.

«Бұл нақты жағдай «Теңізшевройл» ЖШС-ң қазан айындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарымен байланысты.  Осы жөндеу жұмыстарына байланысты барлық мемлекеттік органдар алдын-ала хабарланды және қажетті рұқсат та алынды. Жөндеу жұмыстары зауыт құрылғысының төзімділік пен қауіпсіздігін тексеруге бағытталған», – делінген Хеймиш ПОЛСТЫҢ жауабында.

Кен орнындағы жөндеу жұмыстары 27 қазанда басталып, 6 қарашада аяқталады деп жоспарлануда.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#факель #түтін #экология
Объявления
live comments feed...