
16:50, 31 октября 2017 г.
Ресей Қазақстанның латын әліпбиіне көшуіне қатысты шешіміне пікір білдірді

Мәскеу Астананың латын әліпбиіне көшуіне байсалды қарайды, бұл – Қазақстанның ішкі ісі. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасин айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
«Бұл жағдайда да біздің ұстанымымыз байсалды деген ойдамын, өйткені бұл – Қазақстанның ішкі мәселесі. Қандай тілді қандай деңгейде қолданатынын өзі шешеді», - деп мәлімдеді Карасин «Россия-24» телеарнасына берген сұхбатында.
Карасиннің айтуынша, жаңа жағдайға бейімделуге белгілі бір уақыт кетеді. Сонымен қатар ол бұл ретте ерекше проблема жоқ екенін атап өтті.
«Мен біздің екіжақты қарым-қатынасымызды бейімдеудің, орыс тілін латынмен байланысты жаңа жағдайда қалай бейімдеудің амалын табамыз», - деп түйіндеді дипломат.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:16
Вчера
17:00
28 марта
15:25
28 марта
Объявления
12:27, 15 марта
15:56, 21 марта
15
15:56, 21 марта
53
15:09, 16 марта