• Главная
  • Жоғарғы оқу орындары ректорларының кеңесі өтті
18:03, 30 октября 2017 г.

Жоғарғы оқу орындары ректорларының кеңесі өтті

Жоғарғы оқу орындары ректорларының кеңесі өтті

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университететінде ҚР Жоғарғы оқу орындарының кеңесі өтті.

Мәжіліске ҚР Білім және Ғылым Министрлігі жоғарғы және жоғарғы оқу орындарынан кейінгі департаменті директоры орынбасары Ғалымбек Сералин, Атырау облысының әкімі Н. Ноғаевжәне еліміздегі жоғары оқу орындарының 20-дан астам ректорлары менпроректорлары қатысты.

Ректорлар Кеңесі 2015 жылы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрі А.Б. Сарінжіповтың Бүйрығымен құрылған. Кеңес жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімді дамыту мәселелері бойынша ЖОГО-лардың қызметін үйлестіру, оқу процесін, ғылыми жұмысты, ғылыми-педагогикалық кадрлардың және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру бойынша оң тәжірибені жалпылаужәне тарату, жоғары білім беру жүйесін жетілдіру, елімізді білікті мамандармен қамтамасыз ету, сондай-ақ ЖОО ұжымдарын әлеуметтік мен мүшелерін қорғау мақсатында құрылған.

ҚР жоғары оқу орындары ректорларының Кеңесі Алматы облысының, Солтүстік, Батыс, Шығыс және Оңтүстік өңірлер жоғарғы оқу орындарының ректорлары кеңесінен тұрады. Кеңес құрамына қазақстандық университеттердің 40-қа жуық ректорлары кіреді. Кеңестің төрағасы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттықуниверситетінің ректоры Ерлан Батташұлы Сыдықов.

Кеңес отырысында оқу процесін оңтайландыру және кадр тапшылығын шешу мәселелері талқыланды.

— Биылғы жылы жергілікті бюджеттен 222 білім беру гранты бөлінді. Олардың 178-і педагогикалық мамандықтарға, 35-і медицина саласына және 9-ы ветеринарларды дайындауға бөлінген. Осы бағытта жұмыс жалғасады. Бұл қарқынмен біз 5 жылда осы салаларда кадрлар жетіспеушілігі мәселесін шешуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, жергілікті билік жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуді жауапкершілігіне алды,- дейді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Атырау мемлекеттік университетінің ректоры А. Талтенов университеттегі жүзеге асып жатырған, студенттерге кәсіпкерлік мәдениетті қалыптастыру үшін «iSPACE» коворкинг орталығы, екі компоненттен тұратын ағылшын тілін үйренуге арналған «English only Space», күн сәулесінен қуат алатын күрке жүйесі және балаалрға арналған «KIDS University» тәрізді жобалармен таныстырды.

Суретті түсірген: Құдияр Данияров

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#ректор #жоба #кеңес
Объявления
live comments feed...