• Главная
  • Студенттер қатарына қабылданды
17:03, 30 октября 2017 г.

Студенттер қатарына қабылданды

Студенттер қатарына қабылданды

Студент үміт пен үрейді, сенім мен селкеуді арман мен қорқынышты қатар жиып үлкен өмірдің баспалдағына адымдауға жүрексіну мен тәтті-тәтті армандардың қиял жетегінде жүретін естелікке толы кезең. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университететінің бірінші курс студенттері ақ армандарды құшақтап ұмытылмас шақ пен ұмытылмас сәттің  себепкері болып,  ресми түрде «перваш» деген атауға ие болды.

ҚРжоғарғы оқу орындарының ректорлар Кеңесінің отырысымен тұспеа-түс келген шараға Қазақстан университеттерінің ректорлары меносы университеттің 1984 жылғы түлегі ҚР Парламент Сенатыныңдепутаты Сәрсенбай Нұрманов қатысты.

Мерекелік шараны университет ректор, химия ғылымдарының докторы А. Талтенов ашты.

- Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар бүгінгі біздің кезекті жиынымызда  осындай әдемі кештің куәгері болып отырмыз. Аса қадірлі студенттер бүгінгі кеш сіздерге арналады. Жалпы 2017 жыл Қазақстан үшін елеулі оқиғаларға толы жыл болды.  Соның ішінде маңыздыларын атап айтар болсақ,  студент жастардың арасында өткен қысқы спорт түрлерінен олимпиада ойындары мен жаз айларындағы төрткүл дүниені тамсандырып, жаһанды елең еткізген ЭКСПО-2017-ны мысал ете аламыз. Сонымен қатар Елбасымыздың « Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласы бойынша Каспий маңы елдерінің  мемлекеттік университететтер арасындағы ХХ саммиті. Биыл  университетімізде 2712 студент қабылданып,  студент  атанғалы отыр.

Құрметті студенттер! Бүгін өткеніңізбен бүгініңізді қайта түгендеп рухани жаңғыруға бет алған тұста Елбасымен аға буын өкілдерінің артқан келешегі, сенімі сіздерсіздер!-деп сенімін білдірді.

Сонымен қатар аталмыш шараға қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары «Заман» тобы, «Бейбіт Қорған», «Дана Кентай» және «Nnbek» тобы келіп ән салды.

Толғанай ЖҰМАҒАЛИЕВА- журналистика мамандығының 1 курс студенті:

Бүгінгі студенттерді қабылдау кеші өте тамаша өтті. Өйткені, студенттер үшін жаңа орта, жаңа достар алда жаңа белестер күтіп тұр. Осыған орай студенттер қатарына қабылдау кшімізде үлкен сахна саңлақтары өнер көрсетті. Тамаша кеш пен көңіл-күй сыйлады. Белгілі университететрдің ректорлары мен профессор-ұстаздар келіп бізге ізгі тілектерін, жүрек жарды жақсы лебіздерін білдірді. Бұның өзі біз үшін үлкен мәртебе.

Суретті түсірген: Құдияр Данияров

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#студент #қабылдау
Объявления
live comments feed...