• Главная
  • «Шаймардан шұғыласының» тұсауы кесілді
15:30, 30 октября 2017 г.

«Шаймардан шұғыласының» тұсауы кесілді

«Шаймардан шұғыласының» тұсауы кесілді

КСРО Суретшілер одағының мүшесі Ш. Сариевтің туғанына 80 жыл толуына орай    Ш. Сариев атындағы облстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде мерекелік шара өтті. Бейнелеу өнерінде өшпес із қалдырған қылқалам шеберінің өмір жолы мен шығармашылығын кеңінен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған  салтанатты жиында қылқалам шеберінің ғұмыр жолынансыр шертетін деректі фильм мен «Шаймардан шұғыласы» деп аталатын кітаптың тұсауы кесілді.

Сариев Шаймардан Тілемісұлы 1937 жылы 23 желтоқсанда Атырау облысы Исатай ауданы Забурын ауылында дүниеге келген. Нарыннан шыққан наркескен дарын «қазақтыңМодильяниие» деген атқа ие болды. Ол сурет өнерінде стереотиптерді бұзып жарған өз елінің нағыз патриоты. Құм мен күн бояуларын еркін ойнатқан адам жаны иірімдерінің хас шебері.Бүкіл ғұмырында туған жеріне деген асқақ сағынышы мен перзенттік парызын кенет бетінде суреттеген кемел талант, көрнекті қылқалам шебері.

Мерекелік шараның салтанатты ашылуында музей басшысы Т.Орынбасарұлы құттықтау сөз сөйлеп, келген көрермендерге Шаймардан ағаның туыстарына ризашылығын білдірді.

Кешке арнайы шақыртылған жұбайы Күлпаш Ынтымақбайқызыкемел дарыны мен өзгееш ғұмыырна арқау болған «Шаймардан шұғыласының» тұсауын кесіп,кітапты құрастырған редактор Т. Наурызәлі мен шараны ұйымдастырып отырған мұражай ұжымына алғысын білдірді.

-Құрметті халайық, осындай шараға алтын уақыттарыңызды бөліп келіп отырғаныдарыңызға көп-көп рахмет! Шәкең, бүгін артындаосындай іздеушілері барын біліп бір аунап жатқан болар. Бүгінгі Шәкеңнің еңбегінелеп осындай үлкен ауқымда шара ұйымдастырып жатырғандарыңызғаалғыс айтамын. Бүгінгі тұсауы кесіліп жатырған 4 бөлімнен тұратын «Шаймардан шұғыласы». өмірбаяннан бастау алыпШәкеңнің өлеңдерімен жалғасын табады. Алғашқы бөлімі «Күнінетоқсан ойлап толғанамын, Сұлулық жаратылмыс ғаламаты», екіншісінде «Соқпаса заман таяқ көп, Саналып басқан қадамын», «Сенемін қайда болсам да, Артымда қалған қуатқа» және де соңғы «Нарынқұмай, туған елім» деген бөлімдер мен ғалымдар мен жерлестеріміздің пікірлермен толықтырылған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#кітап #тұсаукесер
Объявления
live comments feed...