• Главная
  • Қазіргі заманғы білім мен педагогтар мәселесі
13:57, 27 октября 2017 г.

Қазіргі заманғы білім мен педагогтар мәселесі

Қазіргі заманғы білім мен педагогтар мәселесі

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ұйымдастырыумен «Қазақстандағы қазіргі заманғы білім мен педагогтар мәселесі» тақырыбында қоғамдық пікірталас өтті. 

Елімізде жыл сайын жаңа оқу жылы үлкен даумен бастау алып отыр.  Бұндай оқиғалардан ығырданымыз шығып, құлақ етіміз үйренген 2017 жыл да бұл қалыптан тыс қалмағаны хақ. Оқушылардың ата-аналары мен жұртшылық орыс тілі оқулығына енген интернет-лексикаға, стандарттан тыс тапсырмалар мен мағынасыз тілде жазылған ертегілерге наразылықтарын білдіруі аздай  мектептерде ұстаздар тапшығы да өзекті мәселелер қатарына енген болатын.  Қазіргі таңда келесі жылғы  оқу жылында Қазақстан мектептеріне 4 480 ұстаз қажет болып тұр.  Алайда педагогтардың төмен жалақысы мен ауыр еңбегі кімдіде болсын көңіл көншітпейтіні рас.

Білім беру жүйесі, білім берудің сапасы, педагогтардың жұмысы, латын әліпбиіне көшу және т.б. мәселелерді талқылау мақсатында ұйымдастырыллған шараға мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен қоғам қайраткерлері, белсенді азаматтық ұстанымы бар азаматтар қатысып, өзіндік пікірлерімен бөлісті.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#ұстаз #педагог #мұғалім
Объявления
live comments feed...