• Главная
  • Қала көшелеріне энергия үнемдеуіш шамдар қойылады
14:03, 25 октября 2017 г.

Қала көшелеріне энергия үнемдеуіш шамдар қойылады

Қала көшелеріне энергия үнемдеуіш шамдар қойылады

Атырауда қала көшелерінің 100 шақырымына энергия үнемдеуіш шамдар қойылады,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Энергия үнемдеуіш шамдар негізгі даңғылдармен қатар екінші деңгейлі көшелерге де орнатылады. Шамдардың бір ерекшелігі, электр энергиясын үнемдеуден тыс, қарапайым лампаларға қарағанда ұзағырақ қызмет етеді. Бұл идея «Жасыл энергетика» бағдарламасының аясында жүзеге асырылады»,-дейді Атырау қалалық әкімдігінің қызметкерлері.

Алдағы уақытта «Жасыл энергетика» бағдарламасымен облыста Күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын технопарк салу, осы сияқты басқа да жобаларды жүзеге асыру жоспарда бар.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#энергия #шамдар #жарық
Объявления
live comments feed...