• Главная
  • Америка мектептерінің ерекшелігі
17:41, 24 октября 2017 г.

Америка мектептерінің ерекшелігі

Америка мектептерінің ерекшелігі

Бұрынғы  шенеулік, Атырау облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған Ш. Мұқан  өзінің инстаграмм желісіндегі парақшасында  АҚШ мектептеріндегі балаларға шабыт сыйлайтын суреттерді жариялады. Болашақ бағдарламасымен әлемнің ең озық деген университеті Гарвардта білім алып жатырған жерлесіміз: «Алаштың мектебіне барсаң, дәліз бойындағы  «Сен маңыздысың», «Саған сенеміз», «Сенің орның ерекше» деген сөздерді оқып, балалар тұрмақ, өзіміз де кәдімгідей қанаттанып қаламыз» деп жазды. « Балаларға  көңіл-күй сыйлау арқылы сіз олардың өмірге деген құштарлығын арттырасыз» деген психологтардың кеңесі бойынша қабырғаларға ілінген суреттер Қазақ мектептеріне де керек дүние сияқты.  

                 Сен әлемге керексің!

Қазіргі таңда 3 баланың әкесі атанып отырған Ш. Мұқанның бұл  2-сыныпқа баратын Алаш есімді ұлының мектебінде түсірілген. Сонымен қатар АҚШ мектептерінде сынып жетекшілері оқушыларды  таңертең өздері күтіп алады. Бұл олардың оқушыларға жасаған құрметі екен.

Екіншіден,  мұғалім оқушыларды өте еркін ұстайды және  бойларына қиялдау, жанашырлық, патриоттық сияқты қасиеттерді сіңіруге тырысады.

Үшіншіден,  әр сыныптағы 25 оқушымен 3 мұғалім жұмыс жасайды. Бірі- класс жетекшісі, қалған екеуі тәжірибеден өтетін мұғалімдер. Америкада оқу орнын бітіре салып  сынып жетекші болу мүмкін емес. Ұшақ капитаны болу үшін ұзақ уақыт  екінші ұшқыш болуы қажет секілді, оқу бітірген түлектер тәжірибелі мұғалімдердің арқасында жұмыс жасайды екен.

Төртіншіден, оқушылар күні бойы партада отырмайды. Сыныып бөлме бұрыштарына бөлінеді. Бірде дөңгелек партада отырып, бірде жерде жатып, біресе тұрып жүріп сабақ оқиды. Бір сыныпта  үш мұғалім болғандықтан әр мұғалім бес-алты оқушымен әр бұрышта әр түрлі дайындалады.

 Өзіңмен-өзің бол!

 Біз барлығымыз үлкен іс жасау үшін жаратылғанбыз.

  Сен кереметсің!

  Біз сізді шақырамыз!

  Сіздің Лауренсияда орныңыз ерекше.

  Өзіңе сен!

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#мектеп #оқушы #ұстаз #мұғалім

Комментарии

Показывать новый комментарий:
внизу вверху
Нұргүл Нұрланқызы
11 ноября 2017 г., 08:27
Жақсы жазылған мақала. Керек дүние əр оқытушыға. Біздегі қалыптасқан бір заңдылық бар, "шеңберден шықпау" деген. Міне соны өзгертуге əбден болатын ұсыныс деп білемін.
Объявления
live comments feed...