14:20, 24 октября 2017 г.
" МЕДЕЯ" Македония сахнасында
Жуырда Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театры ұжымы гастролдік сапармен 1-20 қазан аралығында Македонияданың Велес қаласында өткен Стоби XVI халықаралық антикалық драмалар фестиваліне барды. Мәскеу қаласынан бастау алаған аталмыш фестивальде театр ұжымы жазда Керчь қаласында өткен XIX халықаралық «Боспорский агони» фестивалінің «Современное прочтение античной темы» номинациясының лауреаты атанған Еврепидтің трагедиясы Медея қойылымын сомдады. ҚР Құрметті азаматы, театрдың көркемдік жетекшісі Р. Отарбаевтың бастауымен барған өнерпаздар құрамында 27 әртіс болды. Оның ішінде бас режиссеры М. Тұманов пен қойылым суретшісі –Т. Мұхтаровтар да бар. Жыл сайын дәстүр бойынша ашық алаңда өтетін байқау биылғы жылы жөндеу жұмыстарына байланысты театрда өткен.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
ТОП новости
Объявления
10:29, 6 января
12
16:56, 15 января
15
live comments feed...