11:48, 23 октября 2017 г.

Атыраудың үздік асабалары

Атыраудың үздік асабалары

Қазақ әуелден тойшыл халық. Жиған-тергенін тойға шашатындықтардың қатарын атыраулықтар бастап тұр.  Балығы мен мұнайы арқылы өзге облыстарды таңдай қақтыратын маңғаз өлкенің шақыртуына кербез әншілердің өзі  «сыйақысы көп» деп бас тартпайтыны сөзсіз. Алайда, тойдың сәні той тізгінін ұстаған асабаға да байланысты...  Тойшыл қауымның көңілін көтеретін Атыраудың үздік асабаларын анықтау мақсатында халық арасында сауалнама жүргізіп көрген болатыынбыз. Сауалнама нәтижесі бойынша

Қаламыздығы танымал асабалардың бірі, шоумен- Нұртілек  Шайхиев. Атырауға келген жұлдыыздарды жиі қонақжайлығын көрсететін Нұртілек 1989 жылы дүниеге келген.  Жұмыс кестесі бос бола бермейтін азулы асаба  аталмыш өнерді 2007 жылы бастаған. 

Жоғарғы буын өкілдерінің сұранысына ие- Жақсылық Базарбаев.  Өнерін әншілік жолдан бастаған ол 1991 жылы дүниеге келген. Қазақ поэзиясын нақышына келтіріп орындайтын жас асаба  жақында ғана отбасын құрған.

Көпшіліктің көңілінен шыға білетін- Бағдат Сарсенов та бар. Ол 1994 жылы Махамбет ауданында дүниеге келген. Аудармашы мамандығын тәмамадап, қазіргі таңда Х. Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университеттің тарих мамандығы бойынша білім алып жатыр.

«Өзінің өнерімен де, сымбатымен де  келісті жігіт»- деп жұртшылық баға беретін-  Нұрғали Бекежанов. 1993 жылы Қызылқоға ауданында дүниеге келген келбетті асабаның бұл салада жүргеніне небәрі 5 жыл екен.

Көпшілік арасында актер ретінде белгілі- Роман Дүйсенғалиев.  Жаз бойы өткізілген « Жұлдыз» мега жобасының жүргізушісі ретінде таымал. Аталмыш өнерді 2008 жылы бастаған асаба халық ұсынған бағаға келіседі екен.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#асаба #тамада #той
Объявления
live comments feed...