• Главная
  • Парижде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының таныстырылымы өтуде
17:19, 17 октября 2017 г.

Парижде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының таныстырылымы өтуде

Парижде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының таныстырылымы өтуде

ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы штаб пәтерінде «Жаһандық Әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» жобасы аясында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының таныстырылымы өтуде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

ЮНЕСКО Атқару кеңесінің 202-сессиясына тұс келген бұл шара «Қазақстанның мәдениеті мен өнері» көрмесінен басталды. Көрмеде «Туған жер», «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық», «Қазақстанның киелі географиясы», «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет», «Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшуі» сияқты арнайы жобаларды іске асыру туралы стендтер ұйымдастырылып, бейнероликтер, экспонаттар көрсетілуде.

Ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің ордасына айналған Париждің талғампаз көрермендеріне Қазақстанның ұсынар дүниесі аз емес. Солардың бірі – дүниежүзіне танымал экспонат «Алтын адамды» паш ететін «Көшпенділер әлемі: Алтын адам шеруі» экспозициясы.

Сондай-ақ шара аясында шетелдік және отандық ғалымдардың қатысуымен «Рухани жаңғыру: Нұрсұлтан Назарбаевтың моделі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтуде. Онда «Әлемдік тәжірибе контексінде рухани жаңғырудың қазақстандық моделі», «Мәдени мұра – ұлттық бірегейліктің өзегі», «Мәдениеттер ықпалдастығы – қоғамдағы бейбітшілік пен диалог негізі» тақырыбында әңгіме өрбуде. Ауқымды таныстырылым қазақстандық өнер жұлдыздарының гала концертімен аяқталады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#руханижаңғыру #Париж
Объявления
live comments feed...