17:36, 16 октября 2017 г.
Республикалық «Дарабоз-2017» турнирі
Ұлттық спорт түрлері федерациясының ұйымдастыруымен Елбасмыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткен жарыс Махамбат ауданы, Алматы селеосында Атырау облысында алғаш рет ұйымдастырылған «Дарабоз -2017» республикалық жаппай көкпар турнирі өтті. Турнир аясында аламан, топ бәйге, асық ату, қазақша күрес, жамбы ату және жаппай көкпар сияқты спорт түрлері болды. Көкпарда ең көп салым салған Қуанышбек ҚҰРАМАЕВ «Алтын қамшы» сыйлығы берілді.Көкпар, бәйге, қазақ күресі бойынша өткізілген турнирге жалпы жүлде қоры 15 миллион теңге тігіліп, оның 10 миллион теңгесі жаппай көкпар ойынына бөлінді.
Оспан Ерлен, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице прездиенті:
-Өткен жылы көкпар ойындары тек аудандарда болса, биыл республикалық деңгейде өтеді. Негізгі шараның мақсаты – көкпар ойынын Батыс өлкесіне насихаттау. Турнирге Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарынан шамамен 200-ден астам шабандоздар келуде. Оның қала күніне орай тұспа-тұс келуі де бекер емес. Шараның өткізілуіне ат салысқан демеушілерге алғыс айтамын.
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан шара барысында арнайы жасақталған этно ауыл құрылып, әрбір киіз үй алдында қазан-ошақтармен ұлттық тағамдар пісірілді.
Сонымен жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар кіл мықтылардың ішінен оза шапқан 31 шақырымға жоспарланған аламан бәйгенің бірінші орынын және 2 млн теңгені БҚО-дан келген шабандоз Берік ЕСЕНҒАЛИЕВ, екінші орын және 1 млн теңгені Ақтөбелік Жанат БЕГЕЛДІ, үшінші орын мен 700 мың теңгені қанжығасына байлаған атыраулық Жандарбек ЖАНБАЛАЕВ жеңіп алды. Бәйге жеңімпаздары 1 млн, 500 мың, 300 мың теңгеден марапатталды.
Суретті түсірген: Нұрбейбіт Нұғыманов
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
16:08
Вчера
ТОП новости
Объявления
16:56, 15 января
15
16:56, 15 января
live comments feed...